$ 447.4  477.55  4.76

6 баламен өлместің күнін кешкен оралдық әйелге Ресей азаматы үй сыйлады

Оралда тұратын көп балалы анаға ресейлік әйел үлкен баспана сыйлады деп жазады "Уральская неделья" басылымы.

Осыдан 1 ай бұрын Екатерина Скворцова "Жұлдыз" қайырымдылық қорына хабарласып, балаларға берілетін жәрдемақының түкке де жетпейтінін мәлімдеген болатын. Онымен тіпті күн көрудің өзі қиынға соғатынын айтқан ол қордан көмек сұрапты. Артынша оның хабарландыруы газетке басылған. Мұны көрген ресейлік әйел оған үй сатып әперді.

Қайырымды әйел алдымен қайырымдылық қорындағы менеджерге хабарласқан. Одан 6 миллион теңгеден аспайтын бір жақсы үйді тауып беруін өтініпті.

Баспана көп ұзамай қаланың іргесіндегі бір ауылдан табыла кетіпті. Табылған үй балалардың мектебіне де жақын, әрі ол үйде тұрмысқа қажетті жабдықтардың бәрі бар. Қайырымды әйел болса өзінің атын атамауды өтініп, тек мына үй балалардың бәрінің атына теңдей жазылсын деген талабын жеткізіпті.
Бұл жайтқа балалардың анасы әлі де сенер емес, көзіне жас алып, қуанып отыр.

«Мен әлі де сенбей отырмын. Енді балаларымның өз үйі, өз бөлмелері болады. Мен бізге үй сыйлаған әйелмен Интернет желісі арқылы сөйлестім. Оның да 4 баласы бар екен. Жаңа үйіміз өте жайлы, барлық жағдай жасалған. Өзім жетімдер үйінде тәрбиеленген болатынмын. Сондықтан, қолдау болмаса қиындықты шешу мүмкін еместігін жақсы білемін», - деді Екатерина Скворцова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары