$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттік студент 25 кг палау басып, мұқтаж жандарға таратты (ФОТО)

Шымкентте 22 жастағы студент жігіт 25 келі палау пісіріп, оны мұқтаж жандарға таратты. Бұл туралы "Жас отан" жастар қанатының баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

"Жастар қанатының Айбар есімді белсенді өкілі палау басып, оны ерікті жастармен бірге мұқтаж жандарға: үй-күйі жоқ адамдарға, олардан бөлек қарауылдар мен аула сыпырушыларына таратып шықты. 25 келі палау түгел желінді", - дейді жасотандықтар.

Олардың айтуынша, Шымкенттегі университеттердің бірінде оқитын студент бұған дейін де қайырымдылықпен айналысып, жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, қараусыз қалған қарт кісілерге көмектесіп келген екен.

"Айта кету керек, ол сондай-ақ, көзі көрмейтін жандар үшін Брайль шрифтімен кітап басып шығарды. Иә, қайырымды істі мақтанып жар салуға болмайды. Бірақ, бұл іс өзге де жастарға үлгі болуы үшін жариялауды жөн көрдік", - дейді жастар қанатының баспасөз қызметі. Олар қазір Алғыс айту күніне дайындаып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары