$ 494.87  520.65  4.91

Министр ШҚО-да ана өлімі айтарлықтай көп екенін айтып дабыл қақты

Облыс әкімдері жүкті әйелдерді уақытында есепке алуды 100 пайызға жеткізуі қажет. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты деп жазады Қазақпарат.

«Денсаулық сақтау қызметтерінің барлық функцияларын интеграциялау бойынша екінші бағыт аясында медициналық-санитарлық алғашқы көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар орындалды. Дәрігерлік учаскі мен жалпы практикалық дәрігерлердің саны ұлғайды. Барлық өңірлерде ауруларды басқару бағдарламасы енгізіліп жатыр. Енді пациент өз ауруын бақылауға белсенді тартылып жатыр. Биылдан бастап, бұл тәжірибе әрі қарай кеңейтіледі», - деді Үкімет отырысында «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының өткен жылғы қорытындысын шығарған Елжан Біртанов.

Оның айтуынша, медициналық қызметтердің алғашқы буынымен интеграция аясында емханаларда қосымша туберкулезге қарсы онкологиялық-моммологиялық кабинеттер ашылды. Бұл шаралар ана мен нәресте өлімі мен еліміз бойынша жалпы қатерлік ісіктен болатын өлімді төмендетуге мүмкіндік берді.

«Сондай-ақ бірқатар өңірлерде республикалық мәннен айтарлықтай артық көрсеткіштер байқалып отыр. Шығыс Қазақстан облысында ана өлімі республикалық деңгейден 53 пайызға жоғары. Қостанай облысында нәресте өлімі республикалық деңгейден 31 пайызға көп. Ал Павлодар облысында қатерлік ісіктен болатын өлім 56 пайызға артық.  Құрметті облыс басшылары, осыған орай келесідей негізгі бағыттар бойынша жұмысты күшейту қажет. Біріншіден, скринингтер мен профилактикалық тексеріп қарау. Екінші, жүкті әйелдерді уақытында есепке алу және 1 жасқа дейінгі балаларға патронаж бойынша атқарылатын шараларды 100 пайызға жеткізу қажет», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары