$ 494.87  520.65  4.91

«Құрбыларыммен қыдыруды қимадым»: отырып қалған 50 жастағы әйел өкінішін айтты

Ел демографтарының сөздеріне сенсек, соңғы уақытта елімізде отырып қалған кәрі қыздардың саны артқан. Олардың біразы жұмысбастылықтан, яғни мансап қуып, уақытының көп бөлігін кеңеседе өткізудің салдарынан отбасын құра алмағандар екен.

Осылай қызмет қуып, тұрмыс құратын уақытын бос жіберіп алған Адель есімді 48 жастағы әйел Nur.kz порталына сұхбат беріп, өзінің өкінішімен бөлісті. Оның айтуынша, жас кезінде жігіттері аз болмапты. Алайда, құрбыларымен қыдыруды қимай жүргенде жасының 40-тан қалай асқанын өзі де білмей қалған.

«Көпшілік қазір Айжан Байзақованы жаппай сынап жатыр. Бірақ, ол жас қыздар мен келіншектердің шынайы келбетін көрсеткісі келіп жүр. Яғни, олардың көбі ішеді, боқтық айтады. Мен де 40-қа дейін Айжан секілді болдым. Бұған дейін жігітім де болды, көңіл жарастырдық. Бірақ, қыздармен қаңғыруды қимағандықтан арамызда отбасы болмады», - дейді отырып қалған кәрі қыз.

Жалғыздықты Адель құрбыларының бәрі тұрмысқа шығып кеткенде ғана сезіне бастаған. Алайда, өкінгеннен түк пайда жоқ, жасы асып кеткен қызбен ешкім отбасын сол күйі құрмапты. Мұнан кейін ол құрбысының күйеуімен ашыналыққа барғанын жасырмай айтып отыр.

«Біз құрбымның күйеуімен екі ай кездестік. Бірақ кейін ол біліп қойып, менің бетіме қарамай кетті. Ал, күйеуін баласы үшін кешірді. Сөйтіп күйеуге шыққан барлық құрбыларым менен теріс айналды», - дейді Адель.

Қазір оның бір баласы бар. Әріптестерінің бірінен туып алған. Жұртқа өсек болмау үшін Алматыдан да көшіп кетіп қалыпты. Қазір жаңа өмір бастаса да өткені үшін қатты өкінетінін айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары