$ 494.87  520.65  4.91

Студенттер үшін «Жемқорлыққа жол жоқ!»

Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінде «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Ашық тәрбие сағатына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің консультанты Б.Қаратаев, Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжінің «Электроэнергетика» бөлімінің меңгерушісі Ф.Мұстафин қатысты.

Студенттің емтиханда жақсы баға алу үшін ұстазына ұсынған ақшасы – пара. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы бойынша пара беруші де, алушы да қылмыс бұзған болып саналады. Заң талаптарына сәйкес олар жазалануы тиіс. Ашық тәрбие сағатында осы мәселелер сөз болды. 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің консультанты Б.Қаратаев  жасөспірімдерге сыбайлас жемқорлықтың алдын алу,  заңнамаларды өмірде қолдана білу бойынша түсінік беріп,  оларды  таза және адал еңбек етуге шақырды.

Ашық тәрбие сағаты соңында колледж студенттері алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша бірлесе күресетіндіктерін жеткізді.

Айта кетейік, жемқорлық  — мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері. Жемқорлықтың жалпылама белгілері: лауазымдыадамның өзінің немесе делдал арқылы пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасаған іс-әрекеті (әрекетсіздігі) үшін ақша, бағалы қағаздар, өзге де мүлік, мүлік құқығы немесе мүлік сипатындағы пайда түрінде пара алу, туыстық, жерлестік, т.б. жақындықтарына байланысты қызметке ретсіз қабылдау және көтермелеу, сондай-ақ, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді талан-таражға салу. Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып,экономикалық өсу қарқынының тежелуіне және әлеуметтік, саяси шиеленістердің құрт асқынуына ұрындырады. Сонымен қатар жоғары лауазымды мемлекеттікқызметкерлер жаппай жемқорлыққа салынған жағдайда құқық қорғау органдары оларды жасаған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарта алмайтын жағдай қалыптасады.

Жемқорлық жасалу түрлеріне қарап екіге бөлінеді: жекелеген лауазымды қызметкерлер жасаған қылмыстық іс-әрекет және бірнеше лауазымды қызметкерлер бірігіп жасаған қылмыстық іс-әрекет (қысқаша Сыбайлас жемқорлық). 1989 жылы әлемнің дамыған 37 мемлекеті халықаралық бизнестегі жемқорлыққа қарсы күресу туралы конвенцияға қол қойды. Қазақстан осыконвенцияға қосыла отырып, 1998 жылы 2 шілдеде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары