$ 494.87  520.65  4.91

Құқықтық сабақ өткiзiлдi

Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi ОҚО бойынша департаментiнiң консультант-мамандары Шымкент қаласындағы №6506 әскери бөлiмiнiң қызметкерлерiмен кездесу өткiздi. Жиынды әскери бөлiм командирiнiң тәрбие iсi жөнiндегi орынбасары Қ.Жүнiсов жүргiзiп отырды.

 

– Бүгiнгi басқосудың басты мақсаты – сыбайластықтың алдын алу, жемқорлықтың жолын кесу. Бiз барлық мекемелерде осындай оқыту семинарлары мен құқықтық сабақтарын өткiзудемiз. Айта кетейiк, жыл басынан берi әскерилер арасында сыбайластыққа қатысты ешқандай құқықбұзушылық тiркелмеген. Бұл Қарулы Күштерiмiздiң антына адалдығының белгiсi деп бiлемiз. Жасыратыны жоқ, бiреулер қалтаның қамын ойлап сыбайластыққа жол берсе, кейбiреулер заңды бiлмегендiктен шалыс басып жатады. Сондықтан әр азамат өзiнiң құқын бiлiп жүргенi абзал, – дейдi департамент қызметкерi Б.Қаратаев.

Мұнан кейiн сөз алған консультант-маман А.Колосков сыбайлас жемқорлықтың орын алу себептерiн мысалға келтiре отырып, нақты деректердi айтып бердi. Сондай-ақ, қаржыға қатысты қандай да бiр келеңсiздiкке тап болғанда 1494 сенiм телефонына хабарласу керектiгiн ескерттi.

Әскери бөлiмнiң келiсiмшарт қызметкерлерi сыбайластыққа қатысты түрлi сұрақтар қойып, оның алдын алу жөнiндегi өз ойларын ортаға салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары