$ 494.87  520.65  4.91

Заң білген адам құқық бұзушылыққа бармайды

Өңiр басшысы А.Мырзахметовтiң төрағалығымен аппараттық мәжiлiс өтiп, онда облыс әкiмi бас инспекторлары мен аппараттағы бөлiм басшыларының алты айда атқарған жұмыстары сараланып, алдағы уақытта атқарар мiндеттерi айқындалды.

Облыс басшысы аппараттың жұмысын одан әрi жүйелендiру мақсатында мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру, олардың құқықтық кәсiбилiгiн жетiлдiру басты мiндет деп атап өттi.

- Заң білген адам сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығына бармайды, - деп атап өтті Асқар Мырзахметов.

Аталмыш жиын қоғам арасында құқықтық сауаттылық деңгейін арттырып, әрбір азаматты сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеуге тәрбиелеп, жемқорлықтың кез-келген көріністерімен бірлесе күресудің маңыздылығын насихаттауға бағытталған.

Сонымен қатар облыс әкiмi аппараты өңiрде бесаспап мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау орталығы болуы керектiгiне айрықша назар аударды. Айқындалған мiндеттерге қол жеткiзуде бас инспекторлардың айына екi рет өздерiне бекiтiлген аудан, қалаларға шығып, жергiлiктi жердегi өзектi мәселелердi талдап-таразылауы, түйiнi тарқатылмаған күрмеулi мәселелердiң шешу жолдарын ұсынуы, тұрғындардың талап-тiлегiне сергек қарап, тиiстi шараларды қолға алуы керектiгi аталған жиында кеңiнен сөз болды.

Одан бөлек, аппараттағы кадрлық құрамның сапасын арттыру бағытында қызметтiк мiндеттердi оңтайландыру, аттестаттау жүйесiн ендiру, тағы басқа жұмыс тиiмдiлiгiн арттыруды көздейтiн өзектi талаптар жүктелдi.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары