$ 498.34  519.72  4.85

Қала әкімі алатаулықтарға пәтер кілтін табыстады

Алматы қаласының әкімі Бауыржан Қадырғалиұлы Байбек Алатау ауданынында орналасқан «Алмалы» тұрғын үй кешенінің кілтін табыстау рәсіміне арнайы қатысты.

Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 наурыздағы халыққа арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуінде айтылған бірінші әлеуметтік бастаманы іске асыру шеңберінде әзірленген.

Ағымдағы жылдың өзінде Алматы қаласында 1,9 млн.шаршы метр болатын 15,1 мың жаңа пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы аталған жиында қала басшысы Бауыржан Қадырғалиұлы айтты. Сондай-ақ,  Бауыржан Байбек өз сөзінде бұл бағдарламаның барлық қала тұрғындары үшін тиімді екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Алатаулықтарға жаңа пәтердің кілтін табыстау рәсемені «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев пен Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты, экс-білім министрі Бақытжан Жұмағұлов та қатысып, су жаңа пәтер иелеріне құттақтау айтты.

Ал бүгін қолданысқа берілген аталған Тұрғын үй кешеніндегі пәтерлер «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы аясында атқарылды. Аталған бағдарламада айрықша аталатын қала – Алматы. Дегенмен, Алматыда сұраныстың жоғарылығына қарамастан, Президент тапсырмасын жүзеге асыру жүйелі жолға қойылған.

Естеріңізге сала  кетейік, өткенде «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы аясында пәтер сатып жатқан компания басшылары Алматыда жиылып, жәрмеңке өткізген еді. «Баспана» Ипотекалық ұйымы Алматыдағы «7-20-25» бағдарламасының барлық сатылатын пәтерлері #expohomsters жылжымайтын мүлік жәрмеңкесінде ұсынылатынын хабарлаған-ды.

Жәрмеңке 15-16 қыркүйекте "Dostyk Plaza" ойын-сауық орталығында өтті. Оны ұйымдастырушысы Homsters.kz онлайн-сервисі.

Жәрмеңкеге Алматы қаласы бойынша 70-тен астам тұрғын үй кешендерінің өкілдері қатысты. Олар барлық келушілерге «7-20-25» бағдарламасы арқылы берілетін тұрғын үй, оны сатып алудың бағасы мен мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.Сонымен қатар келушілерге екінші деңгейлі банк өкілдері мен «Баспана» Ипотекалық ұйымы мамандары кеңес берді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары