Оңтүстік» ақпарат орталығында Оңтүстік Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директоры Нұрлы Бектұрсынов 2015 жылғы 7 айдың жұмыс қорытындысы бойынша брифинг өткізді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Жалпы облыс бойынша тіркелеген желілер бойынша клиенттік база 245 мыңнан асқан. Кең жолақты қатынау қызметі бойынша 79 мың, соның ішінде iD Net қызметі бойынша 18 мың абонент бар деген Н.Бектұрсынов өңірдегі 1022 мектепте 100 пайыз телефон орнатылып, интернетке қосылғанын жеткізді.
iD TV интерактивті сандық телеарна қызмет пайданушылар саны 12,5 мың абонентті құраса, тоғыз мыңға жуық оңтүстікқазақстандық iD Phone қызметін пайдалануда.
Оңтүстік Қазақстанның телекоммуникация нарығына «Бағдарламалық жасақтаманы жалға алу», «Ата-аналық бақылау», «Қоғамдық орындардағы Wi-Fi қызметі» және iD TV Online сияқты заманауи сервистер мен қызметтерді ұсынып отырған телекоммуникациялар дирекциясы екінші жартыжылдықта жаңа қызметтер мен сервистерді енгізу, FTTH желістері мен облыстағы аудан орталықтарында интерактивті теледидар нарығын дамыту бағытында жұмыс жасамақ,
Айта кетейік, iD TV − жеке сандық телеарна. Бүкіл отбасы мүшелеріне арналған. Әрі Қазақстан аумағында кеңінен қызмет көрсететіндіктен пайдаланушылар 100-ден астам қазақстандық, ресейлік және шетелдік телеарналарды көре алады.