$ 445.66  474.58  4.78

Әрбір азамат сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті

«Нұр Отан» партиясының ОҚО бойынша филиалы жанынан құрылған ақпараттық-насихаттық топтың болашақтың  бес институттық реформасы - «100 нақты қадам» бағдарламасын таныстыруы Түркістан қаласында жалғасты. Насихаттық топ қала халқы, қоғамдық ұйым өкілдері мен жастармен бірге құнды құжатты талқылады. Келешектің кемел ойларын пайымдады.

«Істі қалай аяқталғанынан емес, қалай басталғанынан танисың». Бұл  Хакім Абайдың айтқаны. Қолға алынғанына көп уақыт бола қоймаса да, «100 нақты қадам» реформаларының толықтай жүзеге асуына әр азаматтың тамшыдай болса да үлесін қосуға ниеттенуі – бағдарламаның өміршеңдігін, көпке тигізер пайдасының мол екенін аңғартады.

Қазақ елін дамудың дара жолына бастау елдегі ең қуатты саяси күш – «Нұр Отан» партиясына  жүктеліп отыр. Ең ұлы жолдың өзі шағын ғана қадамнан басталады.

Насихаттық топ мүшелерінің мәлімдеуінше, Мемлекет басшысы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының мақсаттарына сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізу арқылы ғана қол жеткізуге болады. «Нұр Отан» партиясының Саяси Доктринасының да, сыбайлас жемқорлықпен күресудің 2015-2017 жылдарға арналған  бағдарламасының да негізгі көздеген мақсаты  осы.

– Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұрақтардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі де — осы зұлымдықпен күресу. Елбасымыз атап айтқандай, «сыбайлас жемқорлықпен күрес қылмыскерлерді жазалау жөніндегі табанды шаралар ғана емес, бұл — мемлекет пен қоғамның күнделікті жұмысының тұтас кешені» болып табылады. Сол себепті әрбір Қазақстан Республикасының азаматы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге міндетті, - деп атап өтті ақпараттық-насихаттық топ мүшелері.

Алқалы жиында бас қосқандар кәсіби мемлекеттік құру және заң үстемдігін орнату жайлы мәселелерге кеңінен тоқталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары