$ 494.87  520.65  4.91

Арнайы оқыту курстары ашылды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің ықпалымен  13 шілдеден бастап «Мемлекеттік қызметкерлерді даярлау орталығы» курстары ашылып, онда мемлекеттік қызметшілердің біліктілігі мен қызметтік этикасы  сабақтары жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бөлім басшысы Ж.Әлібековтің мәлімдеді.

Ж.Әлібековтің мәлімдеуінше, мемлекеттік қызметші үнемі біліктілігін арттырып, заман ағымына  ілесіп отыруы тиіс. Білімін жетілдірмеу, өзіне жүктелген жауапты жұмысты дұрыс атқармау сыбайлас жемқорлыққа жол ашады. 

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 11-бабы 6-тармақшасында қызмет беруші (мемлекеттік органдар) мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруды қамтамасыз етуі тиіс делінген. 

- Өкініштісі, аталған Заң екі жылдан бері қолданыста болса да жергілікті және аумақтық мемлекеттік органдар аталған талапты дұрыс орындамай келеді. Мұның салдары қызмет көрсету сапасының төмендеуіне соқтырады. Осы жәйттерді ескере отырып,  «Мемлекеттік қызметкерлерді даярлау орталығы» курстары ашылды, - деп атап өтті Ж.Әлібеков.

Мұндағы негізгі мақсат – мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби және құқықтық деңгейін жақсарту, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және мемлекеттік қызметшілердің бойында адалдық, әділдік, сыпайылық  әдеттерін қалыптастыру болып табылады.

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, республикамызда 98 мыңға жуық мемлекеттік қызметші бар екен. Жалпы халық санымен есептегенде 171 адамға бір мемлекеттік қызметшіден келеді. Алайда, халық санының көптігіне орай Оңтүстік Қазақстан облысында бір мемлекеттік қызметші 360 адамға қызмет етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары