$ 494.87  520.65  4.91

Созақта жемқорлықтың алдын алу жайлы сөз болды

ОҚО әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков бастаған ақпараттық-насихаттық топ Созақ ауданының тұрғындарымен кездесті. Насихаттық топтың басты мақсаты 5 институционалды реформаныі мән-маңызын түсіндіріп, «100 қадамды» жүзеге асыруды қолға алу.

Мемлекеттік қызметкерлер арасында өткен жиын барысында 5 институционалды реформаны жүзеге асырудың тетіктері мен міндеттері сөз болды. Сондай-ақ, жиында мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, оның алдын алу жайлы кеңінен сөз болды.

- Жегі құрттай болған дерт басқа дамушы елдермен бірге жас мемлекетімізді де айналып өткен жоқ. Жемқорлықтың алдын алу, онымен күрес мақсатында қыруар шаруа атқарылып, арнайы заңдар мен бағдарламалардың қабылдануына қарамастан, бұл дерттің тамырына балта шабу оңай болмай тұр. Қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесi жыл сайын Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында да айтылып келеді. Елбасының Жарлығымен өткен жылы тамызда мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет көрсету салаларында біртұтас мемлекеттік саясатты іске асырушы, осы бағыттағы жұмысты үйлестіруші басты орган – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі құрылғаны белгілі. Соған қарамай, қылмыстың бұл түрі азаймай отыр, - деп атап өтті ОҚО әкімінің орынбасары. 

Жиынға қатысушылар ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріне көкедегі сауалдарын қойып, өз тараптарынан ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары