$ 441.44  473.09  4.75

Бауыржан Байбек: «Алматы тұрғындарының өмір сүру жасы Орта Азиядағы ең жоғары көрсеткішке жетті»

Алматыда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты қалалар» Еуропалық желісі қалалары мэрлерінің саммиті жұмысын бастады. 100-ден астам әкімшіліктердің, халықаралық ұйымдар мен медициналық қауымдастықтың өкілдері бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мен денсаулық сақтау қызметіне көпшілікті кеңінен тартудағы қалалардың рөлі туралы мәселелерді талқылайды.

Саммитке қатысушыларды құттықтаған Алматы әкімі Бауыржан Байбек осыдан 40 жыл бұрын қабылданған Алматы декларациясының арқасында бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мәселелерінің денсаулық сақтау жүйесіндегі басты буындардың біріне айналғанын атап өтті.

«Қазіргі кезде біздің қалада 650 медицина ұйымдары жұмыс істейді, олардың 70-і кең профильді емханалар. Барлық мемлекеттік мекемелер цирфлық форматқа көшкен және заманауи қондырғылармен жабдықталған. Экономиканың дамуы тұрмысты түзетті, нәтижесінде Алматы тұрғындарының өмір сүру жасы Орта Азиядағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Бүгінгі күні мегаполис «өңірлік магнитке»айналған, өмір сүру, бизнесті жүргізу, білім алу үшін өте тартымды, бірақ жоғары миграциялық қысымға да ие», - деді Бауыржан Байбек.

Мысалы, сарапшылардың болжамы бойынша 2035 жылға қарай Алматы тұрғындарының саны 3 млн. адамнан асады деп күтілуде. Ал бұлардың барлығын сапалы жұмыс орнымен қамту қажет, қоғамдық көлікті пйдаланатын жолаушылар 4 есе, жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер 3 есе көбейеді екен. Соған қарамастан, жеке көлік саны 600 мың болып, қазіргі деңгейінде қалуы тиіс.

Жалпы, Алматы «Қала адамдар үшін» принципі бойынша жүйелі түрде модернизациялануда.Залалды заттар кеңістігі тарылуда, қоғамдық көлік, заманауи велоинфрақұрылым және басқалары дамуда.

Жақын арада Алматыдағы жеке сектор газбен 100% қамтылады. Биыл итальяндық технология бойынша қоқыс сұрыптайтын кешен жұмысын бастады, ол қоқысты утилизациялауда қаланың сұранысын түгел жабады.

«Инновациялық экологиялық ортаны қалыптастыру, ОЭСР елдері үлгісінде сапалы білім мен денсаулық сақтауды жүзеге асыру - біздің маңызды міндеттеріміздің бірі. Осы орайда сапалы, жоғары дамыған медициналық қызмет көрсетудегі өзге қалалардың тәжірибелері бізге өте қызық. Мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға және жаңа идялардың өмірге келуіне ықпал етеді», - деп атап өтті мегаполис әкімі.

Өз кезегінде ДДҰ-ы Еуропалық бюросының өңірлік директоры Жужанна Якаб алқалы шараның қалалардағы денсаулық сақтау саласындағы қиындықтарды жою жолдарын тақылайтынын және «Салауатты қалалар» желісі қызметінің нақтылы бағыттарын анықтайтынын атап өтті.

«Біз саммиттің негізгі бағытттарын ескереміз. Оның үстіне ертең желі қызметінің жүзеге асуына ниет білдіруші мэрлердің Алматы үндеуі қабылданады. Бұл Астанада қабылданантын бастапқы медициналық- санитарлық көмек көрсетудің жаһандық декларациясының алғашқы қадамы болады. Барлық көшбасшыларды жергілікті және жаһандық деңгейде қалалардың салауатты болашағын қамтамасыз ету жолында саяси көргендік танытуға шақырамын», - деді Ж.Якаб.

Екі күн ішінде саммит барысында танымал ғалымдардың баяндамалары тыңдалады, актуальды мәселелер бойынша отырыстар және екі жақты кездесулер өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары