Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Алматы қаласында тұрақты тұратын, тіркелген аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік қорғау мақсатында 14 көмек түрін көрсетеді, соның ішінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті атап өтуді жөн көріп отырмыз.
Мемлекет Басшысының «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы тапсырмасын орындай отырып, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) жаңа нұсқада көрсетіледі.
Жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын (Алматы қаласы бойынша 15 919 теңгені құрайды) азаматтарға жаңа нысандағы АӘК көрсетіледі. Кедейлік шегі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 % құрайды және әр тоқсанға есептелінеді. 2018 жылдың 4 тоқсанына күнкөріс деңгейінің көлемі 31 838 теңгені құрайды.
АӘК 2 түрге бөлінеді: шартсыз және шартты ақшалай көмек.
Шартсыз ақшалай көмек отбасында еңбек етуге қабілетті мүшелері болмаған кезде немесе отбасының еңбекке жарамды мүшелері объективті себептер бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатыса алмайтын (мысалы, жеті жасқа дейінгі балаға қарап отырған жалғыз басты аналарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, зейнеткерлерге және т.б.) отбасыларға беріледі. Мұндай отбасыларға жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу талап етілмейді.
Шартсыз ақшалай көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалып, ай сайын төленеді.
Шартты ақшалай көмек отбасы құрамында кем дегенде бір еңбекке қабілетті жұмыссыз мүшесі бар отбасыларға көрсетіледі. Шартты ақшалай көмек алу үшін отбасының барлық еңбекке қабілетті жұмыссыз мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуы міндетті шарт болып табылады.
Шартты ақшалай көмек тағайындау үшін әлеуметтік келісімшарт жасасу міндетті болып табылады. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт алты айға жасалады және қажет болған жағдайда қосымша алты айға дейін ұзарту мүмкіндігі бар.
АӘК-ті тағайындау үшін Алматы қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығына барып өтініш білдірту керек, Сізге сол жерде түсініктеме беріп, қажет болған жағадайда әлеуметтік бейімдеу шараларын ұсынады.
АӘК-ті ресімдеу үшін өтініш беруші белгіленген үлгіде өтініш ұсынады және мынадай құжаттар қоса тіркеледі:
1) отбасы құрамы туралы мәліметтер;
2) адамның (өтініш берушінің отбасы мүшелерінің) тапқан табысы туралы мәліметтер;
3) жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер;
4) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда, әлеуметтік келісімшарттың көшірмесі;
5) өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі.
Ағымдағы 2018 жылдың 9 айында 491 отбасына (2 387 адамға) 100 млн. теңге мөлшерінде АӘК тағайындалған. Оның ішіндегі 54 жұмыссыз азаматтардың 50 адамы тұрақты және уақытша жұмыс орындарына жіберілді, 4 адамы кәсіптік оқыту курстарына жіберілді.
АӘК бағарламасы шегінде аз қамтылған азаматтарғаатаулы әлеуметтік көмек алу мүмкіндігі, жұмысқа орналастыру мақсатында тегінкәсіптік оқыту мен қайта оқыту, және бизнес-жобаларын жүргізіп жүрген немесе жоспарлап жүрген жұмыссыздар үшін микро несие алу мүмкіндігі бар.
Мысал ретінде, К.Абдуллаевтің 10 адамнан тұратын оның ішінде 8 баласы бар отбасын айта кетсек болады. Отбасы жұмыссыздықтың салдарынан қиын жағдайда болған, ай сайынғы жалпы табысы 92 мың теңге болатын.
Көмек іздеп, К.Абдуллаев Алматы қаласындағы Жетісу ауданының Жұмыспен қамту орталығына жүгінген, ол жерден өзіне және баласына ай сайын 30 мың теңгеден төленетін жұмысқарастырылған, және 2018 жылдың ақпан айынан бастап атаулы әлеуметтік көмектің шартты түрі 59 мың теңге көлемінде ақшалай көмек алады, жұмыс қарастыру шараларына қатысқаныныңнәтижесінде отбасының табыс көлемі 211 мың теңгені құрады.
Сондай-ақ, 7 адамнан тұратын оның ішінде 5 баласы бар Г.К.Кунанбекованың отбасы тұрақты жұмыс болмағандықтан өмірлік қиын жағдайда болды. Күйеуімен көмек іздеп, Алматы қаласындағы Алатау аудандық Жұмыспен қамту орталығына жүгінген. 2018 жылдың сәуір айынан бастап күйеуі екеуін қоғамдық жұмысқа қатыстырады, онда олар әр қайсысы 35 мың теңге көлемінде жалақы алады, және ай сайын 78 мың теңге шартты ақшалай көмек төленеді, атаулы әлеуметтік көмек алғанға дейін отбасының жалпы табысы 17 мың теңгені құрайтын. Қазіргі таңда отбасы табысы 8,5 есе ұлғайған (165 мың теңгені құрайды).
АӘК-тің осындай қолдау түрі аз қамтылған отбасыларға материалдық жағдайларын жақсартуға көмектеседі: отбасының табысы тұрақталады, еңбек нарығында бейімделу мүмкіндігі туады.
АӘК-тің тағы бір артықшылығы, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы «Телерадио хабарларын тарату туралы» Заңына сәйкес, Қазақстанда цифрлік эфирлік теле-, радио хабарларын таратуға көшу жоспарланғандықтан атаулы әлеуметтік көмек алушыларға телевизиялық абоненттік жалғамалар тегін орнатылады.
Цифрлік эфирлік теле-, радио хабарларын тарату (ЦЭТХТ) аналогты телерадио хабарларын таратудың орнына келіп, арнадан отандық 30 телеканалды абонентік төлемсіз көруге мүмкіндік береді. Аналогты теледидарларда кездесетін шу мен кедергілер болмайды және бейнелер мен дыбыстар жоғары сапада беріледі.
ЦЭТХТ-ға толық көшу үшін халықты цифрлық теле-, радио сигналын қабылдау мүмкіндігімен қамтамасыз ету керек. Осыған орай, «Атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттік жалғамалармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 8 қарашадағы №677 қаулысында, әлеуметтік көмек алушылар, телевизиялық абоненттік жалғамалармен (әрі қарай - жалғамалар) қамтамасыз етілу (жеткізу және орнату) керек екендігі туралы шешім қабылданды.
Жалғамалармен қамтамасыз ету біржолғы болып табылады және ол берілгеннен кейін оны алған өтініш берушіге, оның отбасы мүшелеріне және онымен үнемі бірге тұратын басқа да адамдарға берілмейді.
Бүгінгі таңда, атаулы әлеуметтік көмек 491 отбасына тағайындалған, оның ішінде 133 отбасына жалғамалар орнатылған.
Жалғамаларды алу үшін тіркелген тұрғылықты мекенжайы бойынша Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының аудандық бөлімдеріне өтініш білдіріп, атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатыны туралы анықтаманы қосып келесі мекенжайларға жүгінуге болады:
Алатау ауданы: мекенжайы: Шаңырақ-2 ықшамауданы, Жанқожа батыр көшесі, 26 үй, тел.: 3953605 ;
Алмалы ауданы: Сейфуллин даңғылы, 577, тел.:261-02-81;
Әуезов ауданы: 3 ықшамауданы, Абай даңғылы, 41-а, тел.: 276-49-92;
Бостандық ауданы: Жандосов көшесі, 2 үй, тел.: 392-22-95;
Жетісу ауданы: Мақатаев көшесі, 142 үй, тел.:279-37-72;
Медеу ауданы: Төле би көшесі, 12 үй, тел.: 291-06-65;
Наурызбай ауданы: Қалқаман ықшамауданы, 24 үй, тел.: 383-55-82;
Түрксіб ауданы: Рихарда Зорге көшесі, 18 үй, тел.: 234-93-15.
Мукажанова Айнұр, Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшының орынбасары