$ 494.87  520.65  4.91

«Нұр Отанның» жалған қызметкері 6 жылға сотталды

Көкшетауда өзін «Нұр Отан» партиясының өкілі ретінде таныстырған алаяқ мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғын үй алып беретін болып алдап, жұрттың ақшасын жиып алған, деп хабарлайды «Қазақстан жаңалықтары».

Бұл ісі үшін алаяқ 6 жылға бас бостандығынан айрылды.

Із кесу арқылы 30 жасар Көкшетау қаласы тұрғынының 2011 жылдан бері Көкшетау, Петропавл, Астана қалаларында да өзгенің мүлкін алдап иемденгені анықталып отыр.

Бұл жолы тағы ондаған адамның сеніміне кіріп алған ол 14 млн. теңгені қалтасына басқан.

ҚР ҚК 177 бабы 3 «б» тармағы бойынша жасаған қылмысына кінәлі деп танылған С. Есімді азамат мүлкі тәркіленіп, алты жыл бас бостандығынан айрылды. Енді ол алған жаза мерзімін жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейтін болады. Сонымен қатар, ол зардап шеккендердің өтемақысын төлеп беруге де міндеттелді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары