24.12.2018, 10:57

Ақтөбеде 2019 жылғы түлектер бір отбасының балаларына қыстық киім алып берді

Ақтөбеде 2019 жылғы түлектер бір отбасының балаларына қыстық киім алып берді. Бұл туралы жазба Instagram әлеуметтік желісіндегі zhurekten_zhurekke_aktobe парақшасында жарияланды. 

Қайырымдылық жасаған еріктілер өздерінің атын атамауын өтінген. «Жүректен жүрекке» тобының жетекшісі Әлішер Садық түлектердің 6 балалы отбасына көмек қолын созғанын зор қуанышпен жеткізді. 

«Үш бүлдіршінге жап-жаңа қыстық куртка, бас киім, етік алып беріп бізді де қуантты. Білмесе де бауырындай, танымасада танысындай ілтипат көрсетіп қол ұшын беріп жатқан жандар Ойыл ауданы Сарғалжын ауылының 2009 жылғы түлектері. Үлкен істе ата-ананың ақылы мен ұстаздың ұлағатты тәрбиесі жатыр. Өзгеге үлгі боларлық амал жасаған замандастарымызға алғыс айтамыз», – деген Әлішер Садық замандастарын қайырымдылық ұйымдастырудан жарысуға шақырды