Санкт-Петербург қаласында өтіп жатқан Еуразиялық әйелдер форумына Гүлшара Әбдіқалықова қатысты, деп хабарлайды akorda.kz.
Г.Әбдіқалықова ҚР-дағы әлеуметтік және гендерлік саясатты іске асыру жөніндегі баяндамасында біздің еліміз бүкіл әлемдік экономикалық форумның жаһандық гендерлік теңдік рейтингісі бойынша 43-орында екендігін атап өтті.
Мемлекеттік хатшы елімізді жан-жақты жаңғырту үшін Қазақстан Президенті ұсынған Бес институционалдық реформаларды іске асыру ісінде әйелдердің рөлін арттырудың маңыздылығын айрықша атап көрсетті.
«Болашақтың энергиясы» атты тақырып бойынша өтетін ЭКСПО-2017 мамандандырылған көрмесіне қатысу үшін Астанаға келуге шақырды.
Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы Ресей делегациясы басшылығымен және форумға қатысқан өзге елдердің делегация басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді.