$ 498.34  519.72  4.85

Түріктер құрылысқа жүз миллион доллар инвестиция құймақ

Талдықорған орта­лығында салынатын көп­қабат­ты тұрғын үйлерді тұрғызу үшін түркиялық компаниядан 100 миллион доллар инвестиция құйылмақ.

Бұл туралы  Талдықорған қала­сының әкімі Ермек Алпысов пен «IZPEK» құрылыс ком­па­ния­сы директорлар кеңесінің төрағасы Озай Ипек ұзақ­мер­зімді екі жақты меморан­думға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы, құрылыс істері жүр­гі­зілетін алаң жүз мың шаршы метр­ді құрайды. Ал­ғаш­қы жұмыс қаланың Оңтүстік-Батыс ауданында жүзеге асы­рыл­мақ. Онда бой көтеретін алты үйдің отыз пайызы әлеу­меттік бас­паналар болады. Бұған азамат­тар «Тұр­ғын үй құрылыс жинақ банкінде» шот ашып, қаражат жинау ар­қылы қол жеткізеді. Ал қалғаны эконом және элит санатындағы үйлер. «Жібек жолы кешені» деп аталатын жо­ба құрылысы алдағы жылдың сәуір айында жүзеге асырылады.

 «Қазақстандағы құрылыс нарығын зерттедік. Оның ішінен  Талды­қорған қаласына таңдалды. Өйткені шаһар жан-жақты дамып келеді. Осыны ескерген біздің сәу­летшілер қаланы одан сайын көркейтетін бірнеше жоба ойлас­тыруда. Тұрғын үйлерге сапасы жоғары құрылыс өнімдері қолданылатын болады. Жергілікті маман­дармен де жақын жұмыс істейтін боламыз. Бастап­қы кезде мыңға жуық жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Құрылыс істері көп ұзамай басталады. Ал Оңтүстік-Батыс аудан­дағы тұрғын үйлер құрылысы 2018 жылы аяқталады деген болжам бар», - деді Озай Ипек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары