$ 498.34  519.72  4.85

«Сыбайлас жемқорлықтың  алдын-алу, болдырмау» тақырыбында лекция өтті

Сайрам аудандық сотында «Сыбайлас жемқорлық көріністері және процессуалдық емес байланыстардың алдын-алу, болдырмау» тақырыбында лекция өткізілді. Оған Сайрам аймағы бойынша ауданаралық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының консультанты Б.Ералиев, аудандық соттың судьялары мен соттың мемлекеттік әкімшілік қызметшілері қатысты.

Лекция барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық түрлері мен орын алған құқық бұзушылықтар үшін заңнамаларда көзделген жауапкершілік түрлері туралы айтылып, «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңадан қабылданатын Заңдардың  жобасы таныстырылды.

- Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың белгісімен іс қозғаудың бір негізі-азаматтардың арызы. Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті, Қандай да болмасын «қолы да, жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап, заңсыз әрекеттерге баратын болса, әділдікті орнатушы құқық қорғау органдары. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік 50 мемелекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз, - деп атап өтті Сайрам аймағы бойынша ауданаралық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының консультанты Б.Ералиев.

Шара барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық түрлері үшін көзделген жауапкершілік туралы дайындалған слайдтар және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын-алу, оның қоғамға қауіптілігін насихаттайтын бейнероликтер көрсетілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары