$ 494.87  520.65  4.91

«Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» тақырыбында семинар өтті

Сайрам аймағы бойынша ауданаралық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен «Нұр Отан» партиясының Сайрам аудандық  филиалы ғимаратында «Жастар орталығы» мекемесімен бірлесе «Ұлтаралық татулықты нығайту» және «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында ОҚО әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ә.Сайтмурадов «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру барысында ұлтаралық татулықтың маңыздылығы туралы,  «Нұр Отан» партиясы Сайрам аудандық филиалының сектор меңгерушісі А.Сатыбалдиев Ұлт жоспарын іске асыру барысындағы партияның рөлі жөнінде хабарлама жасады.

«Жастар орталығы» мекемесі директорының міндетін уақытша атқарушы Б.Биназаров жастарды елдің патриоты болуға, сыбайлас жемқорлықсыз мемлекет құруға өз үлестерін қосуға және қоғамның барлық мүшелерін осы дертпен күресуге шақырды.

- Парақорлық мемлекеттік аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып, билік және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді, заңдылық қағидаларын жоққа шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды. Парақорлықтың алдын алу, жолын кесу, ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырылып келеді. Бүгінгі таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде. Парақорлықпен елімізде көбіне-көп қолында билігі бар, шешім шығаруға, бөліп бергізуге өкілеті жететін қызметкерлерінің айналысып отырғанын көресетіп берді, - «Жастар орталығы» мекемесі директорының міндетін уақытша атқарушы Б.Биназаров.

Шара барысында  Ұлт жоспарының 1-ші институционалдық реформасына қатысты дайындалған инфографика және сыбайлас жемқорлықтың қоғамға зияндылығын насихаттайтын бейнероликтер көрсетілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары