$ 443.85  474.3  4.8

Басты назарда – әлеуметтік мәселе

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әр жылғы Жолдауы мен мақалалары және бағдарламалары тәуелсіз еліміздің буыны бекіп, қабырғасының қатаюына, болашағы жарқын, келешегі кемелді, ғұмыры ұзақ болуына арналған, сол межелерге жететін даңғыл жолды нұсқаған тарихи құжат. Оның қайсысын алып қарасаңыз да, стратегиялық бағыт пен маңызды міндеттерді шешудің нақты бағдарламасы менмұндалап тұр.

Мемлекет басшысының әрбір игі бастамасы ел дамуының негізгі қозғаушы күші болып табылады. Елбасының кейінгі Жолдауы (2018 жылғы 5 қазандағы) Қазақстан халқы әл-ауқатының басым бағыттарына арналды. Елбасы Жолдауында көпшіліктің көкейіндегі маңызды мәселелерді дөп басып қана қоймай, оны шешудің айқын жолдарын көрсетіп берді.

2016 жылдан балалар бақшасына төленетін ақша 27 мыңнан 15 мыңға дейін төмендеді. Осы мақсатқа жыл сайын бюджеттен 3 миллиардтан астам ақша бөлініп отыр. Бұл 60 мыңнан астам жанұяны қамтыған.

2015 – 2019 жылдар аралығында мемлекеттік тапсырыс бойынша жеке балалар бақшасында орын 3 есеге көбейді, 4,7 мыңнан 15,5-ке жетті. Балалар бақшасындағы орындарды қаражаттандыру үшін жыл сайын 18 милрд. теңге бөлініп отыр. Бұл көрсеткіш 3 жыл ішінде 2 еседен астам артты.

Бұларға қосымша аз қамтылған көп балалы отбасылардың мектепте оқитын балалары тегін тамақпен, мектеп формасымен қамтылған. Қала бюджеті жыл сайын осы мақсатқа 800 млн. астам теңге бөліп отыр. Аз қамтылған отбасылардың балаларына тегін демалысты ұйымдастыруға өз алдына 230 млн. теңге қарастырылған. Бұл қамқорлықты 4 мың бала көріп отыр.

Жолдаудың басты ұраны адамның өмір сүруіне қолайлы орта қалыптастыру. Себебі, мемлекеттің басты байлығы – адам. Мемлекетті дамыту жөніндегі Президент ойларының нақтылығы осынау күрделі кезеңде өмір сүріп жатқан халықтың көңіліне сенім ұялатады. Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі, табыс пен тұрмыс сапасын арттыру Елбасының үнемі басты назарында.

Өткен жылдан бастап Алматыда «Белсенді ұзақ өмір» атты Жол картасы жүзеге асуда. Белсенді ұзақ өмір орталығында кітапхана, фитнес зал,шахмат, дойбы, тағы басқа үйірмелер бар. Қазір бұл орталықта 3 мыңға жуық адам бар. 800 зейнеткер фитнес клубтың қызметін жеңілдікпен пайдалануда. Қала аудандары әкімдері аппараты бұлардан басқа 56 әлеуметтік клуб ашты. Оларға 4,5 мың адам тартылған. «Белсенді ұзақ өмір» орталығына барлығы 12 мың адам қамтылған, оларға 125 млн. теңге қарастырылған.

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне бір реттік көмек көрсету естен шыққан жоқ. Соғыс ардагерлеріне 150 мың мен 250 мың теңге арасында көмек берілсе, олармен теңестірілгендерге 30 мың мен 50 мың теңге арасында төленуде.

Ендігі мақсат – «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын басшылыққа ала отырып, Қазақстанның бүгінгі жеткен биігінен төмендемеуіне күш салу.

Қазір тұрақты, тиімді әрі шұғыл жұмыс істейтін атқарушы билік құрылды десек, қателеспейміз. Бұл да мемлекетімізді дамыған 30 елдің қатарына қосу

жолындағы істерімізге жол ашатын жоба деп есептеймін. «Ең алдымен – ел қамы, содан кейін – қалғаны» деп Қадыр ақын айтқандай, Елбасы әлеуметтік мәселелерді, халықтың табысы мен тұрмыс сапасын арттыруды қашанда басты орынға қойып келеді.

Қали СӘРСЕНБАЙ, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары