$ 494.87  520.65  4.91

Жақсыбеков елордадағы жаңа мектептердің құрылысымен танысты

Бүгін көшпелі кеңес барысында Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков жаңа білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасымен танысып, 1 қыркүйекке дайындығын тексерді. Әкім ұстаздар құрамының жаңа оқу жылына дайындық барысымен және мектеп кітапханасының оқу әдебиетімен қамтылуынан хабардар болды. 

1 қыркүйек күні Астанада үш жаңа мектеп оқушыларға өз есігін ашады: Орынбор көшесі бойындағы №77 мектеп-гимназиясы, «Комсомольский» ТА №79 мектеп-гимназиясы және «Батығай» ТК дарынды балаларға арналған №81 «Astana English school» гимназиясы. Барлық мектептер Есіл ауданында орналасқан және әрқайсысы 1200 оқушыға лайықталған.

Қала басшысы елордадағы білім беру жүйесі бәсекеге қабілетті болу керектігін, әр мектепке заманауи сандық білім беру ресурстарын енгізу қажеттігін атап өтті.

- Ұстаздар үнемі біліктілігін арттырып отыруы керек. Білім беру саласының бұдан былайғы нәтижелі дамуы «Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген. Біздің басты мақсатымыз - баланың мектепте дамуы үшін барлық мүмкіндіктер жасау, - деп атап өтті қала басшысы.

Жаңа оқу жылында елордалық 17 мың бала бірінші сыныпқа барады, бұл былтырғы оқу жылына қарағанда 2 мың оқушыға артық.

Сонымен қатар бүгін Әділбек Жақсыбеков астаналық цирктің, «Барыс» спорт кешенінің, «Қазақстан» спорт сарайының және Қ.Мұңайтпасов атындағы алаңның жағдайын тексерді. Қала басшысы спортшылардың кәсіби дайындығы және қала тұрғындары мен қонақтарының демалысын өткізуге сапалы қызмет көрсету қажеттігіне аталған нысандар жетекшілерінің назарын аударды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары