$ 494.87  520.65  4.91

Теңіз шекарашылары 240 дана балықты теңізге қайта жіберді

Өткен демалыс күндері Шекара қызметінің «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасының шекарашылары жалпы ұзындығы 3200 метр ауды анықтап, одан 240 дана бекіре және бекіре тұқмдас балықты босатты. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлайды.

Оның ішінде, «Форт-Шевченко» заставасының шекарашылары қызмет барысында «Favort» ЖШС аумағынан иесіз жатқан 113 дана бекіре балығын анықтады. Салмағы 570кг болатын балық «Исенбаева» жеке кәсіпкерлігіне берілді.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған шекара заставасының наряды Баутино елдімекені мен Аралды мүйісінің маңайынан 39 және 11 дана иесіз балықты анықтады.

«Қарлығаш», «Сақшы», «Егемен», «Атырау» және «Сапсан» кемелері мен катерлері ұзындығы 3200 метр болатын ауды анықтап, одан 77 дана бекіре және бекіре тұқымдас балығын босатып, теңізге жіберді.

Барлық деректер бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары