$ 494.87  520.65  4.91

Алдағы жылы Ақтөбеде су құбырлары жөнделетін болады

Ақтөбеде «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы бірнеше бағыт бойынша іске асырылуда.

Бағдарлама аясында 4 білім беру нысаны, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым мен тұрғын үй нысандары салынбақ. Жұмыстың жалпы сомасы - 3,93 млрд теңге.

Сондай-ақ, «Трансэнерго» АҚ теңгеріміндегі жылу желілері мен қазандықтарды жөндеу жұмыстары қолға алынды. Ұзындығы 16,4 шақырым 66 учаскеде жылу желілерін жөндеу жоспарда бар. 3 қазандық толықтай жаңартылады.

2016 жылы бағдарлама аясында 1,2 млрд теңге инвестиция көлемімен «Ақбұлақ» АҚ су құбыры мен канализациялық желілерді жөндеу бойынша 3 жобаны іске асыру жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары