$ 443.85  474.3  4.8

Астанада көпфункционалды мұз сарайы ашылды

Қазақстан хоккей федерациясының президентi Асқар Мамин мен Халықаралық хоккей федерациясының басшысы Рене Фазель салтанатты жағдайда мұз алаңына алғаш рет шайбаны тастады. 

Таныстырылым барысында Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен шоу өттi. 

Айта кету керек,мұз сарайының жалпы сиымдылығы 11 578 адамды құрайды. Оның iшiнде 744 VIP-орын. Сонымен қатар алаңды шынының аржағында көруге мүмкiндiк беретiн 288 орындық мейрамхана орналасқан. Хоккейшілерге 7 киiм шешетiн орын салынған. Екiншi мұз айдыны фарм-клубтардың дайындалуына арнап құйылды. 

Қазiр Қазақстан Президентi Кубогы аясында жаңа мұз айдынында астаналық «Барыс» новокузнецкiлiк «Металлург» ойыншыларымен күш сынаспақ. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары