16.10.2015, 09:59

Алматыда 60-қа жуық бренд дүкендер жабылды

megapark.megacenter.kz

«Мега» ойын-сауық орталығында 60-қа жуық бренд дүкендер нарзылық танытып, бір тәулікке жабылды. Ритейлерлер жалға берушілердің келісім -шарттағы бағаны өздері қалаған валютамен жүргізулеріне келіспей отыр. Бұл туралы total.kz хабарлайды.

Ритейлерлер ассоциациясы серіктестермен бірнеше рет тілдеспек болған. «Ойын-сауық орталығы иелерінің банк алдында өз міндеттері бар екенін білеміз. Ритейлерлер жалға алынған орындардың қаржысын бұрынғы әдіс арқылы төлей алмайтынын банкке түсіндіруді ұсынған еді. Енді 3-6 айға арналған жеңілдік курстары да бұл мәселені шеше алмайды» — деді ритейлерлер ассоциациясының президенті  Василий Горевой.

Оның сөзінше, ең дұрыс шешім — жалға алынған орындардың қаржысын тек сатылымның үлесіне байланысты аудару. «Кесте ашық, біз әмбебап құрылғыны жасап шығардық. Кассадағы мәліметтерді онлайн арқылы көре беруге болады», — дейді Василий Горевой.