$ 494.87  520.65  4.91

Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгi артып келедi

«Оңтүстiк» ақпарат орталығында облыс әкiмi аппараты мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау орталығы директорының орынбасары Бақытгүл Ешмұратованың қатысуымен баспасөз мәслихаты өттi. Онда Мемлекеттiк қызметшiлердi даярлау орталығының жыл сайын 2 000-ға жуық мемлекеттiк қызметшiнiң бiлiмiн көтерiп, бiлiктiлiгiн арттыруына мүмкiндiк туғызатыны айтылды.

Бақытгүл Мәлiкқызының айтуынша, әрбiр әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшi жұмысқа қабылданған соң және басшылық лауазымға тағайындалғаннан кейiнгi алты ай iшiнде 40 және 120 сағаттық қайта даярлау курсында оқуға мiндеттi. Ал, бiлiктiлiктi арттыру семинарларынан үш жылда кемiнде бiр рет өтуi тиiс.

– Орталық мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту бойынша мемлекеттiк тапсырысты жоспарға сәйкес орындап келедi. Жыл сайын бiзде екi мыңға жуық жергiлiктi атқарушы және аумақтық органдардың қызметшiлерi оқып шығады. Биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында 17 бiлiктiлiктi арттыру семинары ұйымдастырылды. Онда 566 мемлекеттiк қызметшi бiлiктiлiгiн арттырып, 451 мемлекеттiк қызметшi қайта даярлау курсынан өттi, – дедi Б.Ешмұратова.

Оның айтуынша, жыл басынан берi «Мемлекеттiк және жергiлiктi басқару» мамандығының үздiк бiтiрушi студенттерi мен қоғамдық жұмыстың белсендiлерiне арналған семинар өткiзiлiп, 31 студентке сертификат табысталған. Орталықта облыстың атқарушы органдарының тәжiрибелi, жоғары бiлiктi мемлекеттiк қызметшiлерi және ғылым кандидаттары мен докторларынан құралған оқытушылар құрамы тыңдаушыларға дәрiс оқиды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары