Сыбайлас жемқорлық бүгінде әлемнің барлық елдерінде, оның ішінде Қазақстанда да тамырын жайып отыр. Ол экономикалық дамуға, залалын келтіруде, еліміздің дамуына үлкен қатер төндіруде, деп есептейді Отырар аудандық ХҚКО маманы Н.Сұлтанханов.
«Президенттің әр жылғы Жолдауларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы батыл күрес жүргізу, бұл дертпен бүкіл қоғам болып күресу қажеттігі айтылып келеді. Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті, жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді, еліміз үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылады», - дейді ол.
Оның пікірінше, барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.
«Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау, алдын-алу және оны жасаған кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекаралық қызмет, қаржы және әскери полициясы органдарымен жүзеге асырылады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы ауызша хабарламалар мен жазбаша арыздар қылмыстың жасалу орны мен уақытына қарамастан құқық қорғау органдарында тәулік бойы қабылданады», - дейді Н.Сұлтанханов.