$ 498.34  519.72  4.85

«Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы сурет салу конкурсы өтті

Шымкентегі  Оқушылар сарайында  «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сурет салу конкурсы өз мәресіне жетті. Игі шараға ұйытқы болған - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы департаменті мен Шымкент қалалық білім бөлімі.

Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған   конкурсқа  2-11   сыныптың аралығындағы  оқушылар қатысты.  Өңірдегі   50-ге жуық   мектеп  оқушылары   көпшілік назарына  75   сурет ұсынды.  Әр  туынды  мектеп оқушыларының  ой-қиялынан шыққан. Кез келген суретке қарап    жемқорлық   адам  баласын  жақсылыққа   апармайтынын  айтпай-ақ   түсінуге  болады.  

Үздік  деп  танылған  5 оқушы арнайы дипломмен марапатталды. Бір қарағанда бұл тек конкурс сияқты көрінгенмен, астарында үлкен мағына бар. Өйткені еліміз бойынша жемқорлықпен және парақорлықпен жаппай күрес жүріп жатыр. Жемқорлықтың адам баласына пайда әкелмейтінін сурет арқылы жеткізген балалар оның зияны мен зардабын анық бейнелеп көрсеткен.

- Бүгiнгi шара арқылы жастарға жемқорлық жайлы түсiндiргiмiз келедi. Осы бастан балалар сыбайлас жемқорлықтың не екенiн бiлсiн. Параға қызығамын деп бүкіл өмірін ойран еткен азаматтардың тағдырын біліп өскен жас ұрпақ сол қателікке бой алдырмауы үшін тереңірек ойланып, адал маңдай тер, табан етпен тапқан нәпақаның артық екенін білетін болады, - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы департаменті мамандары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары