$ 524.65  552.19  5.14

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев маусымнан бастап ең төменгі жалақыны көтеруді тапсырды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жалақысы ең төмен жұмыскерлердің  жалақыларын 2019 жылдың 1 маусымынан бастап көтеруді тапсырды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің твиттердегі парақшасында жазды.

«Бұл шешім 1 миллионнан астам азаматтық және мемлекеттік қызметкерлердің әл-ауқатына әсер етеді»,-деп жазды ҚР Президенті.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезекті XVIII съезінде осы жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласындағы айлығы төмен қызметкерлердің жалақысын 30 пайызға арттыруды тапсырған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары