Әлеумет 11.04.2019 сағат 10:13

Кәсіпкер 6 балалы анаға пәтер сыйлады

Президенттің «Болашақ» бағдарламасының стипендианты, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының қатысушысы, Ақмола облысының  Қорғалжын ауданындағы кәсіпкер Дәлел Жүзбаев көпбалалы отбасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпкер 6 балалы анаға пәтер сыйлады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жас кәсіпкер өзінің қайырымдылық ісімен мақтанбайды. Керісінше, мұқтаж жандарға көмектесу кез-келген адамның парызы дейді. Сол себепті жыл сайын тұрмысы төмен отбасыларға көмектесіп тұрады.  Яғни, жас кәсіпкердің сөзінше, қайырымдылық жасау жыл сайынғы жасалатын «зекет» сияқты. 

«Қорғалжын аудандық жастар ресурстық орталығына хабарластым. Ондағылар маған баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасын табуға көмектесті. Менің аталарым осында туып өскен. Атам Тың игеру кезінде еңбек етті. Кейін  2000 жылдары әкем екеуі ауданнан жер алып, өз кәсібін ашты. Кейін олар қайтыс болған соң, мен туған жеріме қайтып оралып, атам мен әкемнің бастаған ісін жалғастырмақ болдым», - дейді «Мирас-2000» ЖШС директоры  Дәлел Жүзбаев.

Баспаналы болған Бақытгүл Қауысова мен оның алты баласының қуанышында жек жоқ. Қорғалжын аудандық жастар ресурстық орталығының мәліметі бойынша, бұл отбасы Ақмола облысына Алматыдан келген және осы уақытқа дейін туысқандарының үйінде тұрып келген. 

«Дәлел бізге келіп, көпбалалы отбасына көмектескісі келетін, яғни, пәтер сатып алып беретінін айтты. Мен көмек қажет ететін отбасын табуға көмектестім. Сондай-ақ, достарыммен жиһаз, теледидар алып бердік. Мен бұл отбасына бұған дейін де көмір сатып алуға көмектесіп тұрдым», - дейді Қорғалжын аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Әсет Даңғылов. 

Орталық мамандары Дәлел сияқты қайрымды жандардың жастар арасында үлгі-өнеге болатынын айтуда.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар