$ 494.87  520.65  4.91

Бас мүфти: Олар кім үшін, не үшін соғысып жүргенін білмейді

Олар кім үшін, не үшін соғысып жүргенін білмейді. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматы қаласында өтіп жатқан «Келісім мен жасампаздық – Орта Азиядағы Исламның дәстүрлі негізі» атты халықаралық форумда осылай деді.

«Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Мұсылман басқа бір мұсылманға тілімен де, қолымен де зиян келтірмейді», – деген.

Діннің осындай ең қарапайым қағидаларынан хабарсыз адам кім үшін, не үшін соғысып жүргенін білмейтін дәрежеге жетті. Ислам діні – бейбітшілік, амандық деген ұғымдарды білдіреді. Алла Тағаланың өзінің соңғы елшісін жіберудегі мақсаты – қасиетті Құранның «Әнбия» сүресінің 107-аятында былайша баяндалады: «Біз сені әлемдерге тек рақым етіп қана жібердік» – деген», – деп атап өтті Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Халықаралық форумда Ислам ғалымдары мұсылман үмметін, жалпы халықты ортақ мәзһабымыздың мәртебесін көтеріп, қоғамда тыныштық орнату, жалпыға ортақ адамгершілік құндылықтарды насихаттау, асыл дінімізді келесі ұрпаққа дұрыс жеткізу, ортақ мәдениетіміз бен дәстүрімізді жаңғырту, дамыту мәселелерін талқылап жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары