$ 494.87  520.65  4.91

ЕАЭО – еркіндік кепілі

Бүгінде кез келген елдің жақ­сы өмір сүруі, табысты болуы оның басқа мемлекеттер­мен, әсіресе, көрші елдермен қа­рым-қа­ты­насына, өзара ынтымақ­тас­­тық дәрежесіне байланыс­ты. Сон­дықтан да, әлемдегі инте­гра­циялық үрдіс үнемі қарқынды дамудың ең пәрменді жолы ретінде қарас­тырылып келеді. Мұндайда: «Қоң­сысы дұрыстың – қосы дұрыс» демекші, аймақтық интеграцияның алатын орны ерекше.

Қазіргі таңда әлемде көптеген интеграциялық ұйымдар бар. Олардың басым көпшілігі эконо­микалық бағытқа негізделген. Атап айтар болсақ, Экономикалық ын­тымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), Дүниежүзілік сауда ұйы­мы (ДСҰ), Еуропалық одақ (ЕО), Мұнай өнімдерін экспорттау­шы ұйым (ОПЕК), Үлкен Араб айма­ғының еркін саудасы (PAN-ARAB), Оңтүстік-Шығыс Азия мемле­кет­терінің ассоциациясы (ASEAN), Азия-Тынық мұхиты экономи­калық ынтымақтастығы (APEK) және т.б. Аты аталған инте­гра­циялық ұйымдардың біразымен біздің еліміз тығыз байланыс орнатуда. Осы тұрғыдан қарағанда Қазақ­стан Республикасы өзінің ХХI ға­сырдағы табысқа жетуінің кілті тө­мендегі мәселелермен тіке­лей байланысты екенін айқында­ған мемлекет. Олар – жаңғыру, халықтың әл-ауқатын жақ­сар­ту, инновация мен ғылыми жаңа­лық­тар, сондай-ақ, интеграция мен әлемге ашық әрі еркін қарым-қаты­настар жасау.

1994 жылғы наурыз айында, терең аса тарихы бар М. В.Ло­моносов атындағы Мәскеу мем­ле­кеттік университетіндегі беделді мінберден аса білікті ғалымдар алдында тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбіш­ұлы Назарбаев Еуразиялық стратегиялық идеясын жария етті. Ол бүгінде табаны күректей жиыр­ма жылдық эволюциялық жол­дан өтіп, бірқатар тәжірибе жинақ­талды. Бұл жоба уақыт сынынан өтіп, жаңа үлгіде жүзеге асуда. «Еура­зиялық жобаның» ең басты жетістігі интеграциялық тұшымды іс-қи­мылдар болып табылатын­дығы дәлелденді. Еуразиялық эко­номикалық одақ құру идеясы Президент Н.Ә.Назарбаевтың алыс­ты болжай білетін көреген саясат­керлігі мен заман тынысын дөп ба­сатын кемеңгерлік қасиетін айдай әлемге айқын танытты.

Еуразиялық экономикалық одақ – бұл бүгінгі күн мен бола­шақтың күрделі сұранысымен өлшенетін мегажоба. Оның қа­лып­тасуы жаңа әлемдік архи­тек­тураның бөлінбес бөлігі ретінде адамзат тарихындағы ғаламдық ең күшті экономикалық-қаржы дағдарысына қарсы күрес үрдісінен бастау алады. Бұл – ой мен тәжірибенің бір­лігі, жүйелі түрде, сатылай және талмай тұрақты түрде алға ұмты­лудың нәтижесі. Әрі бұл жоба пост­кеңестік кеңістікте «Нұр­сұл­тан Назарбаевтың жобасы» деп ата­лып, Қазақстан оның отаны ре­тінде танылды. Өйткені, Қазақ­стан Көшбасшысының барлық инте­гра­циялық үрдістердің баста­ма­шысы және көптеген жаңа­шыл жобалардың, тың идеялар­дың авторы екенін бүкіл әлем біледі. Атап айтсақ, ТМД, АӨСШҚ, ШЫҰ және тағы басқа қоғам­дық-саяси, әлеуметтік-экономи­калық ынтымақтастық біздің Елбасы­мыздың ықпалымен өмірге келген құрылымдар. Олар ықпалдасудың тұрақты да тиянақты дамудағы маңыз­ды құралы ретінде тек аймақ­тық қана емес, әлемдік дең­гей­де де ерекше орны бар ұйым­дар екенін уақыт өзі мойындап отыр.

Алғашында мемлекетіміздің басшысы Н.Ә.Назарбаев өзі­нің идеясының уақыт талабы­мен үндес екенін, интегра­ция­ның қажеттілігін алдымен көр­шілес елдердің көш­­бас­шы­лары­на дәлелдеді. «Бү­гінде, Достас­тықтың барлық елде­рі әлемд­ік дағдарысқа қарсы тұру­­дың жолдарын іздестіріп жатқан­да, экономикалық проб­ле­ма­ларды жеке-дара жүріп еңсеруге бол­май­тынына көз жеткен кезде, тағ­дыр еуразиялық интеграция тұжырымдамасының көкей­кес­тілігін тағы бір рет тиянақтап отыр», – деп жазған еді Елбасы «Еуразиялық эконо­ми­калық одақ: теория әлде нақты­лық» атты мақаласында.   Прези­дент сол кезде: «Сіздің идеяңызды қолдамайды деп қорық­пайсыз ба?» – деген сұраққа: «Қорық­паймын. Бүгін болмаса да ертең қолдайды. Біздер бұдан ешқайда кетпейміз…», – деп жауап берген болатын. Міне, сол бүгін ақиқатқа айналып отыр.

Елбасы «Қазақстан-2050» Стратегиясында: «Біз ХХІ ғасыр­дағы жаһандық сын-қатерлерге еура­зиялық интеграцияны терең­де­тумен жауап берудеміз. Біз Ресей­мен және Беларусьпен бірге Біртұтас экономикалық кеңіс­тік қалып­тастырдық, Еура­зия­лық эко­но­микалық одақ құруға келе жатырмыз. Бұл – жалпы өңірлік тұрақтылықтың, біздің экономи­ка­лардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маңызды факторы. Біз ТМД-ның басқа мемлекеттерінің еуразиялық интеграцияға қосы­луға ұмтылысын қолдауға дайынбыз», – деп атап көрсетті.

2014 жылғы 29 мамырдағы Қа­зақстан, Беларусь, Ресей мемле­кеттерінің басшылары салтанатты жағ­дай­да Астана қаласында қол қойған Еуразиялық эконо­ми­калық одақ туралы шарттың өзекті мәселелері мен елдердің осы бірлестік аясындағы өзара іс-қимылының негізгі бағыттары жөнінде төмендегідей пайымдаулар жасауға болады.

Бұл тарихи құжат ХХI ғасыр­дың ерекше мегажобасы ретінде болашақта тиісті бағасын алаты­нына еш күмән жоқ. Құжат 4 бөлім, 28 тарау, 118 баптан және 28 қо­сым­шадан, жалпы 700 беттен тұрады. Онда халықаралық ұйым­дарға тән, тәуелсіз елдердің қа­тысу ұстанымдары, террито­рия­лық тұтастығы, әсіресе, Одаққа мүше мем­лекеттердің сая­си ерекше­лік­теріне құрметпен қарау секілді мә­селе­лердің базалық негіздері арқау етілген.

Қазіргі кезеңдегі Еуразиялық экономикалық одаққа деген қоғамдық көзқарастың әртүрлі болуы заңды да. Бұл жерде еліміздің кейбір белсенділерінің айтып жүр­ге­ніндей, Экономикалық одақ – КСРО-ға қайта оралу, билік Ре­сей­дің ықпалына түсіп, яғни тәуел­сіз­діктен айырмайды. Өйткені, Кеден одағына қатысушы мемлекеттер одақтың экономикалық шекарасын нақты белгіледі. Ал Еуразиялық экономикалық одақ – бұл шын мәніндегі экономикалық құрылым, ал оның негізінде қандай да бір саяси ұстаным немесе саяси блок құрылуы еш мүмкін емес.

Бұл қадамның тәуелсіздікті ны­ғайтуға бағытталған нақты іс-ша­ра екенін түсініп, Елбасының бастамасына барша қауым, тұтас қоғам болып қол­дау көрсетіп отыр. Және осы Одақ аясында саяси құры­лымдар – «ортақ пар­ламент», «ор­тақ азамат­тық» секілді мәсе­­лелер болмай­ты­нын ескерген орынды. Оның үстіне, Нұрсұлтан Назар­баев­тың Ұлытау баурайында берген сұх­батында тәуелсіздігімізге қауіп төн­діретін кез келген одақ­тан шы­ғып кете алатынымыз­ды айт­қанын көңілге медеу тұт­қа­нымыз дұрыс.

Бұл жоба Елбасының туған хал­қының төрткүл дүние көші­нен қалып қоймасын деген ізгі ниет­пен күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей жүріп жасаған сан жыл­ғы қажырлы еңбегінің бір пара­сы екенін түсін­геніміз жөн. Бұл жөнінде Ресей Пре­зиденті В.В. Путин: «Еура­зи­я­лық идея­ның, Еуразиялық мемле­кеттер одағының ғана емес, Еу­разиялық экономикалық қауым­дас­­тық пен Еу­разиялық экономи­ка­лық одақ идеясының авторы – Н.Ә.Назарбаев», – деп жиі айтып жүр.

Бұл жоба шын мәнінде қа­лып­тасқан мемлекеттің бастама­сымен қабылданған ХХI ға­сыр­дың алғашқы ширегіндегі ай­рықша тарихи мәні бар шешім. Онда оған қатысушы елдердің әрқай­сысының ұлттық мүдделері ес­керілген. Интеграциялық жаңа ұйым бұл Одаққа мүше мемле­кеттердің егемендігін сақтай отырып, Қазақстан, Беларусь және Ресейді, өзге үміткерлерді интеграцияның жаңа деңгейіне шығарады деген сенім бар. Онда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер халық­тарының талап-тілектері жан-жақты талқылаудан өтіп, олар ескеріліп отыр. Бұл орайда, ең бастысы – саяси тәуелсіздік, еге­­мендік, мемлекеттің тұрақ­ты­­лығы. Одақтың құрамына әрбір ел ортақ іске тәуелсіз және еге­мен мемлекеттер ретінде қатысады.

Одаққа мүше мемлекеттердің тілдері мәсе­лесіне тоқталар бол­сақ, Еуразиялық эконо­мика­лық одақ шеңберіндегі барлық халықаралық келісімдер, Комис­сияның міндетті сипаттағы күші бар шешімдерінің барлығы бірден тараптардың әрқай­сысының мемлекеттік тілде­ріне аударылатын болады. Сон­дықтан тілдік қағидаттар жөнінде  ешқандай кемсітушіліктерге жол берілмейді. Ал өзіміздің ана тілі­міздің дамуы біздің өз қолымызда. Ол үшін біз тіліміздің мемлекеттік мәртебесін нығайту жолында аянбай әрекет етуіміз керек. Сон­дықтан, ұлттық келбетімізді сақтап қалуда қазақ тілінің қолданылу аясына ерекше көңіл аудару әрбір қазақстандықтың патриоттық міндеті деп түсінгеніміз абзал.

Әрине, бұл интеграциялық ұйымды құрудың жолы оңай болмағаны айтпаса да белгілі. Еура­зия­лық экономикалық одақты ұйымдастыру барысында осы­дан екі жылдай бұрын Ресей­де ұлт­үстілік парла­мент құру жө­нінде әңгіме қоз­ғалған болатын. Бірақ, бұл идеяны Қазақ­стан мен Беларусь парла­мент­шілері қол­дай қоймады. Кейіннен ол бас­қаша түрде шешімін тапты. Шарт­қа қол қою барысында Еура­зия­­лық экономикалық одақ­тың ұлт­үстілік рет­теуші органы ретін­де Еуразиялық эконо­микалық ко­мис­­сияның жұмыс жүргізу тәртібі бекітілді. Ол Комис­сия Мәскеу­де ор­наласып, онда Еура­зия­лық эко­но­­микалық одақтың эконо­мика­лық орталығы (штаб-пәтері) болатын болды. Минскіде Еура­зиялық сот орналасады. Яғни, Одақ­тың құқықтық құрылымдары сонда шо­ғырланады. Ал Алматыда 2025 жылдан бастап Одақтың қар­жы нарығын реттеу жөніндегі ұлт­үсті­лік органы орын теппек. Бұл да өр­кениетті консенсустың айқын көрінісі іспетті.

Одақтың атқарушы орган­дар­ындағы кадр саясаты тараптардың тең қамтылуы қағидаты негізінде ескеріліп, жұмысқа білікті мамандар тарту конкурстық негізде жүргізілетін болады. Комиссия қыз­меткерлері халықаралық мәрте­бені иеленеді. Лауазымды тұлға­лар бойынша әрбір тарап тең дәре­жеде болу нормалары бекі­тіл­ген. Комиссия аппаратында жұмыс істеуге тілек білдірген үміткер­лерге арнайы ақпараттық сайт ашыл­ған, сол жұмыс жасайды. Бұ­ған қазірден бастап-ақ Қазақ­стан, Беларусь, Ресей азаматтары іріктеуге қатысуға құқықтары бар.

Біз – «Көрші ақысы – құдай ақысы», «Жақсы көрші жаман туыстан артық» деп өскен, құдайы көршілермен достық, татулық, ынтымақтастық қарым-қатынасқа ерекше мән берген өрелі халықтың өкіліміз. Сондықтан бұл инте­грациялық ынтымақтастықтың бізге берері мол болуы керек. Бірін­шіден, бұл, жоғарыда аталға­нындай, тек экономикалық одақ болып табылады. Оған қаты­сушы елдердің әл-ауқаты мен тұр­мыс-жағдайын, экономикасын өр­кендетеді. Сол арқылы кәсіпкерлік дамиды, жаңа жұмыс орындары пайда болады. Қазақстан үшін 9 есе үлкен байтақ нарық базары, яғни 170 миллион адамды құрайтын алып кеңістікке жол ашылады.

Екіншіден, әрбір елдің эконо­ми­калық мүмкіндіктері, интегра­циялық байланыстары, ба­рыс-келісі көбейіп, алыс-берісі қарқынды дамиды. Бұл Одақ­тың геостратегиялық жағынан да айрықша маңызы зор. Қазақ­станның Еуропа елдерінің тұтыну нарықтарына шығуға және Қытай мен Еуразиялық одақтың қуатты экономикалары арасындағы байланысты қамтамасыз ететін буын болуына кең мүмкіндік береді.

Үшіншіден, ұлттық экономикамызды көтермелеу үшін ірі, ұсақ деген мәселе болмауы керек, сондықтан да, онда барлық мәселелер жан-жақты таразыға салынып ескеріледі. Осы тұрғыда мұндай мүмкіндіктерді біз жаңа экономикалық одақтың бағыт-бағдарынан байқап-көріп отырмыз.

Төртіншіден, ХХІ ғасырдың алғашқы жартысында Одақтың алдындағы басты миссиясы – оның ашық экономикалық қоғамдастық ретінде әлемнің аса ма­ңыз­ды экономикалық макро­ай­мағына айналу. Ол, сайып келгенде, Еу­ропа мен Азияның «эко­номикалық алтын көпірі» болатын сапаға қол жеткізу арқылы одаққа мүше мемлекеттердің бәсекелестікке қабілеттілігін арт­тыру.

Бесіншіден, Еуразиялық эко­но­микалық одақ өзіне мүше елдер арасында әлеуметтік, мәдени-гума­нитарлық, әсіресе, оқу-білім және ғылым саласындағы ынты­мақ­тастықты дамыта түсуге де игі әсерін тигізетіні сөзсіз. Бүгіннің өзінде Қазақстан, Беларусь, Ресей ара­сында жоғары, орта және кәсіп­тік білім туралы дипломдарды ешқандай нострификациясыз өзара тану туралы келісім бекітіліп отыр. Сондай-ақ, үш елдің азаматтарына Одаққа мүше кез келген елдің жоғары оқу орындарында білім алуға теңдей құқық берілген.

Әлемдік тәжірибеде инте­гра­цияланудың көптеген формалары бар. Ал жоғарыда атал­ған жайттар Еуразиялық эконо­мика­лық одақтың олардан нақты­лы айырмашылықтары болаты­нын айғақтайды. Осы ретте әлем­дік интеграцияланудың үздік тә­жі­рибелерін өзімізге сәйкестендіріп қолдана білудің маңызы зор екенін мойындаған абзал. Өйткені, соның нәтижесінде осынау Еуразиялық одақтың өз ерекшеліктері мен артықшылықтарын көрсете біле­міз. Әсіресе, мұнда Еуропалық одақ­тың жіберген кемшіліктерін қайта­ламау маңызды. Әлемдік эконо­мика­ның тұрақ­ты дамуы осын­дай жаңа мүмкіндіктер ашудан көрінеді. Еура­зиялық эконо­ми­калық одақ өзіне мүше елдер­дің қа­ра­пайым тұрғындарына ауырт­палық емес, игілік әкелуге қызмет ететін болады.

Еуразиялық экономикалық одақ өзге елдер үшін ашық құры­лым болып табылады. Қазірдің өзін­де Еуразиялық экономикалық одақ­­қа Армения мен Қырғыз­стан қосылды. Бұл одақтың өмір­шең­дігін көрсетіп отыр.

Тағы бір ескере кетерлік жайт, мұндай маңызды шешім мен экономикалық одақтың құры­луының өзі осы идеяның ота­ны болып отырған Қазақстан же­рін­де, оның жаңа елор­дасы Астана қала­сын­­да жүзеге асуы да әділет­ті­лік­тің бір көрінісі іспетті. Астана – Еуразия құрлығының ортасында орналасқан, бүгінгі заманның ең жас елордасы. Онда тарихи мәні зор көптеген саяси шешімдер мен халықаралық құжаттар қабыл­данған. Атап айтқанда, Әлем­дік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері, ЕҚЫҰ, Шан­хай ынтымақтастық ұйымы жә­не өзге де халықаралық ұйым­дар­дың саммиттері, дәстүрлі Еура­зия­лық медиафорумдар өтті. Астана болашақта ЭКСПО-2017 халық­аралық көрмесінің мерейлі мекеніне айналады.

Жер шарының  ең ірі тұтыну­шы­лық нарықтарының бірі, энергия ресурстарының ірі экспорттау­шысы болып саналатын инте­гра­циялық бірлестіктің қазіргі жағ­дайына үңілер болсақ, жаңа одақ құрып отырған алғашқы үштіктің ортасында жақсы үнқатысу, сали­қалы түсіністік, мәмілелі келі­сім қалыптасқан. Сондай-ақ, мұн­дай үрдістер мемлекеттер арасын­дағы екіжақты қатынастар арқылы да жалғасын табуда. Осы жағ­дайлардың барлығы Одақ мүше­леріне технологиялық тұрғыдан кооперациялануымызға жаңа жол сілтеп отырғандай. Әрине, бұл кооперациялану тек шикізаттық бағытта ғана емес, күрделі технологиялар мен инновациялық инфрақұрылымдар жасау бағы­тында да алға басатындығы анық.

Болашақта әлемнің алға қарай қарыштап ілгерілеуі инте­гра­цияның даму үрдісімен анық­талары анық. Кімде-кім ықпал­дасудан тыс болса, өркениет дамуы­­нан шет қалары сөзсіз. Бүкіл­әлемдік қауымдастық бүгін­де Қазақ­станды беделді әрі ға­ламдық үдеріс­терге ықпал ете алатын мемле­кет ретінде таниды. Біздің еліміз – бәсеке­лес­тікке қабілетті, әлем­дік қауым­дас­тықтағы мерейі үс­тем мемлекет. Елбасымыздың идеясымен өмі­р­ге жолдама алған осынау Еура­зиялық экономикалық одақ – шын мәніндегі ХХI ғасырдың әлемдік деңгейдегі мегажобасы ретінде өзінің тарихи қызметін толыққанды орындайтыны дау­сыз.

Еске сала кетейік, 2014 жылы Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының басшылары Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойды және соған сәйкес мәлімдеме жасады.

Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының басшылары Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойды және соған сәйкес мәлімдеме жасады.

Нұрсұлтан Назарбаев үш елдің халқын шартқа қол қойылуымен құттықтап, мемлекеттеріміз экономикалық әлеуетін халықтың өсіп-өркендеуі үшін біріктіріп отырғанын атап өтті. Ол бұның экономикалық одақ екенін және мүше-мемлекеттердің тәуелсіздігі мен саяси егемендігіне қатысы болмайтынын атап өтті.

Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы тарихи актіге Астанада қол қойылуының символдық мәні бар екеніне назар аударды.

– Астана Еуразияның дәл жүрек тұсында орналасқан. Бұл – қазіргі заманның ең жас елордасы. Мұнда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері, ЕҚЫҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам ынтымақтастығы ұйымы және өзге де халықаралық ұйымдардың саммиттері өтті. Біз ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындалудамыз. Қазақстан еуразиялық интеграция идеясының ілгерілеуіне тарихи үлес қосты. Нақ осында ғасыр басында Еуразиялық экономикалық қоғамдастық құрылды, біздің интеграциялық үдерісіміздің барысы мен қарқынын айқындаған бірқатар маңызды шешімдер қабылданды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақтың бесігі Астана болуының заңдылық екенін атап өтті.

– Бұл Қазақстан, Беларусь және Ресей халықтарының достығының, тату көршілестігінің, өзара қолдауының ұлы жылнамасының жалғасы болатынына менің еш шүбәм жоқ. Бізді ХХI ғасырда еуразиялық интеграция әлеуетін бірлесіп жүзеге асыру міндеті күтіп тұр, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы бастаманы өзінің алғаш М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде жиырма жыл бұрын жария еткенін еске салды. 

– Тек уақыт қана түбегейлі көз жеткізу қасиетіне ие. Жаңа еуразияшылдықтың екі онжылдық тарихының тәжірибесі осыны дәлелдейді. Еуразиялық интеграция идеясы Ресей және Беларусь Президенттерінен қолдау тапты. Дәл сондықтан да біз бүгінгі күнге – Шартқа қол қоюға жеттік, – деді Мемлекет басшысы.   

Нұрсұлтан Назарбаев экономикалық интеграцияның іс жүзіне асуы қазірдің өзінде оң нәтижелер бергенін айтты.

– Тек соңғы бес жылда Қазақстанның Кеден одағына қатысушы елдермен арадағы тауар айналымы 88%-ға өсіп, 24 млрд долларлық мөлшерге жетті. Еуразиялық интеграция жөніндегі серіктес мемлекеттерге біздің экспортымыз 63%-ға ұлғайып, 6 млрд доллар болды. Бұл абстрактілі сандар ғана емес. Олардың артында жүздеген нақты кәсіпорындар мен компаниялар, қазақстандық, беларусьтік және ресейлік серіктестермен арадағы өзара іс-қимылдың жаңа желілері тұр. Бұл – мыңдаған жаңа жұмыс орындары, тұрақтылық және өзіне жаңа өткізу нарықтарын ашқан Қазақстан бизнесінің табыстылығының өсуі, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Армения мен Қырғызстанның да шартқа қосылу жөнінде нақты қадамдар жасап жатқанына назар аударды. Ол еуразиялық интеграцияны тереңдету осы үдеріске қатысушылардың барлығының мүддесі үшін жүзеге асырылатынына тоқталып өтті. 

– Басты мақсаттың бірі – экономикаларымызды бірлесе жаңғырту және бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін елдердің әрқайсысының мүмкіндіктерін біріктіру. Бізге өзге интеграциялық бірлестіктердің, ең алдымен Еуроодақтың тәжірибесін ескеру маңызды. Әңгіме қатысушы елдің бірде-бірінің деиндустриализация үдерісіне ұрынып қалмауы, ұлттық экономикада өнеркәсіптің дәстүрлі салаларының, ауыл шаруашылығының құлдырауын болдырмау туралы болып отыр. Еуропа экономикасындағы рецессияның беретін сабағы осында, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев интеграция, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономиканың дамуына қажетті ұзақмерзімді тұрақты жағдайды және азаматтардың бақуатты өмірі үшін жаңа мүмкіндіктерді білдіретінін атап өтті.

– Еуразиялық экономикалық одақты біз жаһандық байланыстармен етене жымдасқан, Еуропа мен дамып келе жатқан Азия ареалдары арасындағы берік көпір түріндегі ашық экономикалық қоғамдастық ретінде көреміз. Еуразиялық интеграцияны дамыта отырып, біз заңды кезеңдер – еркін сауда аймағы, Кеден одағы, Бірыңғай экономикалық кеңістік арқылы батыл ілгерілеп келеміз, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті ЕАЭО туралы шартқа қол қою арқылы жер шарының  ең ірі тұтынушылық нарықтарының бірі, энергия ресурстарының ірі экспорттаушысы болып саналатын интеграциялық бірлестіктің құрылуы заңдық тұрғыдан ресімделгенін айтты. Мемлекеттердің тәуелсіздігіне кепілдік беретін негізгі ресурстар бұл бірлестіктің өзінде жеткілікті.

– Осылайша бүгін ХХІ ғасырдың жаңа геоэкономикалық ақиқаты дүниеге келді. Ол үлкен қиындықпен құрылды. Ашығын айтайын: біз Еуразиялық экономикалық одаққа көп қиындықпен жеттік. Алдымызда жаһандық тұрақсыздық жағдайындағы қалыптасу мен дамудың күрделі кезеңі тұр. Интеграция бізге өздігінен керемет өмірге кепілдік бермейді. Жаңа сын-қатерлер мен жаңа міндеттер болады. Біз оларды бірігіп шешуге және баршамыздың күш-жігерімізбен дағдарысты еңсеруге дайын болуға тиіспіз, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия кеңістігінде халықтардың тату көршілігінің түбегейлі жаңа үлгісі қалыптасып жатқанын, оған жоғары сенім, берік достық және мемлекеттеріміздің өзара қолдауы негіз болып отырғанын атап айтты.

– Еуразиялық экономикалық одақ – бұл ең алдымен біздің елдеріміздің миллиондаған азаматтары үшін жаңа мүмкіндіктер көзі. Қатысушы елдерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы шарттар жасалуда. Еңбек ресурстары нарығы бірігуде, бұл кәсіби деңгейді көтеру мен еңбек өнімділігін арттырудың маңызды факторы саналады. Азаматтар үшін Еуразиялық экономикалық одақтың әрбір мемлекетінде білім беру қызметі мен әлеуметтік инфрақұрылымдарына тең қолжетімділік жағдайлары жасалуда. Ішкі кедергілерді жою қазірдің өзінде мәдени-гуманитарлық байланыстарымызды күшейтуге, туризмнің өсуіне жақсы ықпал етті. Осы пайданың барлығын азаматтарымыз айқын ұғынып отыр. Бұл еуразиялық ықпалдастық үдерісіне кең ауқымды халықтық қолдау болуда, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті  үш елдің жастарына да сөз арнады.

– Еуразиялық экономикалық одақ сіздер үшін құрылуда. Ол сіздерге қатысушы елдің кез келгенінде сапалы білім және кәсіби машықты игеруде артықшылық береді. Бүгінгі оқиға біздің елдеріміздің болашағы үшін, бірінші кезекте жаңа ұрпақ үшін жаңа мүмкіндіктер көзін ашады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы қатысушы-мемлекеттердің орталық ведомстволары мен үкіметтері жетекшілерінің, Еуразиялық экономикалық комиссия мүшелерінің, сарапшылардың еуразиялық экономикалық ықпалдастық үдерістерін жүзеге асырудағы айрықша үлесін атап өтті. Ол ортақ жұмыстың нәтижесі тарихи құжатқа қол қою болғанын айтты.

– Еуразиялық экономикалық одақ – біздің елдеріміздің мәңгілік достығының, өзара іс-қимылы мен тату көршілігінің берік жаңа механизмі. 29 мамыр біздің елдеріміздің естелік күнтізбелеріне Еуразиялық ықпалдастық күні ретінде енуге лайықты деп санаймын. Біздің елдеріміздің халқын, осы рәсімнің барлық қатысушылары мен қонақтарын Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойылуымен тағы да құттықтаймын, – деді Мемлекет басшысы.  

Өз сөзінде Ресей Федерациясының Президенті В.Путин қол қойылған шарт экономиканы дамытып, үш ел азаматтарының әл-ауқатын көтеру үшін үлкен мүмкіндіктер ашатынын атап айтты.

– Ресей, Беларусь және Қазақстан өзара іс-қимылдың мүлде жаңа деңгейіне өтеді: тауарлар, қызметтер, капиталдар мен жұмыс күші еркін қозғалатын ортақ кеңістік құрады. «Үштік» мемлекеттері экономиканың энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және көлік секілді негізгі салаларында келісілген саясат жүргізетін болады. Іс жүзінде біз 170 миллионнан астам халқы бар ТМД кеңістігінде өндірістік, ғылыми және технологиялық әлеуеті зор, табиғи ресурстары орасан мол, ірі әрі бірыңғай нарық құрамыз, – деді В.Путин.

Ресей Президенті әлемдік экономикада толыққанды халықаралық құқықтық субьектілікке ие және Дүниежүзілік сауда ұйымының қағидалары негізінде әрекет ететін жаңа экономикалық ұйым пайда болып отырғанын айтты. Ол сауда құрылымын жетілдіру, жоғары технологиялық тауарлар үлесінің артуы, елдеріміздің әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілігінің нығаюын қоса қамтитын ықпалдастық үдерістердің өзара тиімділігі қазірдің өзінде іс жүзінде дәлелденіп жатқанына назар аударды.

Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко Армения мен Қырғызстанның еуразиялық ықпалдастық үдерісіне қосылуын атап өтті.

– Өз кезегінде Беларусь елі келіссөздер барысында қол жеткізілген  уағдаластықтарды толық жүзеге асыру жолында жүйелі әрі міндетті түрде ілгерілеуге дайын. Шартқа қол қою – осымен бітті деген сөз емес, ол біздің дұрыс қадам жасағанымызды бүкіл әлемге дәлелдеуге тиіс болатын салиқалы үдерістің бастауы. Сонымен бірге Еуразиялық экономикалық одақты құру жөніндегі іс-қимылдардың қатысушы-мемлекеттердің өзара саудасына айтарлықтай ықпал ететін мәселелерді шешумен байланысты болғаны жөн, – деді  А.Лукашенко.

Соңында мемлекет басшылары үш елдің жұртшылық өкілдерімен бейресми әңгіме өткізді.

***

Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартта  халықаралық ұйымдарға тән базалық аспектілер, мемлекеттердің егеменді теңдігі, аумақтық тұтастығы, сондай-ақ Одақтың мүше-мемлекеттерінің саяси құрылымының ерекшелігін құрметтеу қағидаттары көрініс тапқан.

Бұған қоса, шарт Қазақстан, Ресей және Беларусь азаматтарының әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыру мәселелерін шешуге бағытталған және тауарлардың, қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын, үйлестірілген экономикалық саясат жүргізуді қарастырады.

Жалпы алғанда, келешектегі интеграциялық тиімділік 2030 жылға қарай ІЖӨ-нің жиынтық өсімі 900 миллиард доллар көлемінде болатындығымен бағаланып отыр. Еуразиялық экономикалық одақ теңдік, негізділік, жүйелілік, прагматизм және өзара тиімділік қағидаттары негізінде құрылады.

Қазақстан тәуелсіз ел болғалы әлем­дік білім-ғылым ықпалдасуына замана сұранымы мен мемлекеттік мүдде тұрғы­сынан қарап келеді. Бұл бағытта бірне­ше басым бағыт айқындалды: бірін­ші – әлемдік деңгейдегі университеттер­мен, ғылым орталықтарымен байланыс орнату, маман алмасу; екінші – күні кеше бір одақта болған елдердің орнық­ты тә­жірибесін үйрену. Мемлекеттік «Бола­шақ» бағдарламасынан бастап, қазіргі ұт­қыр­лық аясында дүниежүзінің іргелі оқу орын­дарына барып, білім алып, білік кө­теріп жатқан қадамымыз – бірінші бағыт болса, екінші бағыттың сүбелісі – М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мем­ле­кеттік университетінің (ММУ) Қазақстан филиалы. Шанхай ынтымақтастығы ұйымы университеттері қауымдастығына кіруіміз де осы бағытты салаландыра түседі. Оның үс­ті­не бүгінгі геосаяси әлемде Ресей-Қы­тай қарым-қатынасы жаңа деңгейге көте­рілді: бұрынғы өзара сыйластық құнды­лық­тарының трансформациясы жүріп жатыр.

Тарихи «МГУ» десе, Мәскеудің түр-тұр­паты керемет оқу ғимараты жадымызда жаңғырса, «МГУ-дің немесе ММУ-дің Қазақстан филиалы» десе, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жаңа оқу-зертханалық ғимараты еске тү­седі. Мұның өзіндік мәні де бар.

1994 жылы Елбасымыз Мәскеу мем­лекеттік университеті мінберінен Еура­зиялық экономикалық одақ идеясын мәлім етті. Арада екі жыл шамасында болашақ елорда деп үкіленген жерде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетінің негізі қаланды. Аталған оқу орнының қанаты қатая бастаған шақта Мемлекет басшысы білім мен танымның жаңа серпінін нұсқады. Ол Еуразия университеті базасында М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстан филиалын ашу идеясы еді.

Сол тарихи сәттерді ММУ ректоры В.А.Садовничий былайша ықыласпен еске алады: «Мен Қазақстан Президенті Н.Ә.На­зарбаевтың кез келген мәселені алыс­тан болжап шешетініне қайран қала­мын. Ол кісінің болашақ туралы ойы тек жа­сампаздықтан тұрады. Сол үшін де біздің ғылыми орта Нұрсұлтан Әбішұлын ерекше бағалайды. Мәскеу мемлекеттік университетінің бір мезгілде әрі құрметті докторы, әрі құрметті профессоры болған жалғыз ғана Президент бар. Ол – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Есте болар факт: Н.Ә.Назарбаев маған Қазақстан филиалын ашу туралы идеяны әлдеқайда бұрын айтты. Бірақ посткеңестік жағдайда көп заң өзгеріп, мүмкіндіктер шектелген еді. Тіпті, ММУ Жарғысында филиал ашу туралы бап та жоқ болатын. Ақыры Қазақстан басшысы өз бастамасы мен идеясын орындамай қой­мады. Нәтижесі – көз алдарыңызда. Кейін басқа мемлекеттер сіздерден үлгі алды…».

Астанадан М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дің Қазақстан филиалын ашу туралы шешім 2000 жылы 30 тамызда сол университеттің жоғары органы – Ғылыми кеңесінде қабылданды.

Осы жылы 9 қазанда Ресей Феде­ра­циясының Президенті В.В.Путиннің ­Қа­зақ­­станға жасаған алғашқы ресми сапары барысында ММУ ректоры, академик В.А.Садовничий мен Білім және ғылым министрі Қ.Көшербаев Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік уни­вер­си­тетінің Қазақстан филиалын құру туралы хаттамаға қол қойды.

Бұл құжатқа мынандай іргелі мұраттар енді: бірінші, ғылым-білімдегі өзара тү­сіністік пен ықпалдастық; екінші, маман әзірлеудің жаңа тұжырымдамалық деңгейі; үшінші, дәстүр мен академиялық еркіндікті қатар ұстау.

Тағы да таяу тарихқа көз салайық: 2000 жылы тамыз бен қазандағы жоға­ры­да айтылған нақты шаралардан кейін, 1 желтоқсанда Мәскеу мемлекеттік универ­ситетінің ректоры, академик В.А.Са­дов­ничий Қазақстан филиалын құру туралы РФ заңдылығына сай бұйрық шы­ғарды. Осымен бір мезгілде Ресей Феде­рациясының Білім министрлігі мен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Астана қаласында ММУ Қазақстан филиалын құру туралы» келіс­кен шешімге қол қойды.

Бұл тарихи шешім туралы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни­вер­ситетінің сол кездегі ректоры, қоғам қайрат­кері М.Жолдасбеков былай дейді: «90-жыл­дардың экономикалық қиындығынан енді құтылған кез. Құдайы көршілермен достаса отырып шекараны шегендеу, пікірлесе отырып аймақ тыныштығын сақтау – Нұрсұлтан Әбішұлының асыл мақсатына айналды. Бір кезде көздің ұшындағы, талайдың арман-қиялындағы ММУ-ды бір есігін Астанадан ашып, жас­тарымызды үлкен мектепке енгізу – ол да Нұрекеңнің ақылы еді. Тапсырманың аты – тапсырма, күндіз отырмадық, түнде ұйықтамадық, бір кезде көмекшім, сол шақта министрім болған Қырымбек Елеуұлы бар, Астана-Мәскеу арасын шарлап жүріп, елеулі олжаға кенелдік. Ол – білім, ғылым, тату­лық олжасы еді…».

Осы уақыттан нақты оқу үдерісін бастауға даярлық жұмыстары жүргізілді. ММУ Қазақстан филиалы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің негізінде ашылғандықтан, аталған оқу орнының әр кездегі басшылары Мырзатай Жолдасбеков, Сәрсенғали Әбдіманапов, Бақытжан Әбдірайым, басқа да аты мен заты, мектебі бар ғалымдар филиалдың қалыптасуына елеулі үлес қосты. «Көңіл сыйса, бәрі сыяды» дегендей, университет оқу дәрісханаларын, қажетті материалдық базаны, студенттер үшін жатақханадағы орынды сұранысқа сай тең бөлді. Мәскеу мемлекеттік университеті мен Еуразия ұлттық университеті арасындағы ғылыми, мәдени ынтымақтастық одан сайын артты.

Тіпті, бұл жағдай Қазақстан халқы Ассамблеясы жұмысының жаңа деңгейге көтерілу кезеңімен тұспа-тұс келді. Бір кезде Еуразия ұлттық университетінде орнықты, табысты қызмет істеп жүрген ғалымдар филиалға толық тартылды немесе екеуінде де бірдей жұмыс істеді. Ғылыми деңгей де үнемі көтеріліп отырды. Мысалы, танымал фольклортанушылар, ғылым кандидаттары Т.В.Кривощапова, Г.И.Власова академик С.А.Қасқабасовтың кеңесшілігімен филология саласынан докторлық диссертация қорғап, филиал әлеуетін көтерді. Сондай-ақ, филиалда қызмет істейтін танымал ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы Е.Д.Нұрсұлтанов Еуразия ұлттық универ­ситеті ғалымдарымен бірлесіп, іргелі ғылыми жобаларды орындады. Бү­гінде халықаралық рейтингте жоғары баға­ланатын Еуразия ұлттық университетінің «Еуразия математик журналын» шығаруға ММУ математиктері де тұрақты атсалысатынын риза көңілмен айтамыз. Ал, екі оқу орны филологтары бірлесіп өткізетін дәстүрлі «Русистика күзгі мектебі» – тамаша шеберлік алаңы дей аламыз. Осындай байланыс экономистер мен экологтардың арасында да бар. Қарым-қатынастың салаланғаны сол, біз мемлекеттік жоспарға сай, ММУ-дің өзінен тікелей білікті профессорлар шақыра бастадық.

Десек те, кез келген оқу орнының не­месе оның бөлімшесінің қалыптасу кезін­де көп жағдай оны кім басқаратынына қа­тысты. Студенттердің сапалы деңгейде оқуын, шынайы оқу үдерісін ұйымдастыру негізінен филиал басшылығына жүктелді. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің ректоры, академик В.А.Садовничий ММУ Қазақстан филиалының директоры міндетін сол оқу орнында проректор болған профессор Александр Сидоровичке жүктесе, Еуразия университеті құрылымның ұлттық-халықаралық маңызын ескеріп, директор орынбасары қызметіне әлемге танымал математик, академик Мұхтарбай Өтелбаевты ұсынды. Ендігі жерде жаңа Астана өміріне Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қалай кіріксе, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті Қазақстан филиалы да солай табиғи түрде үйлесе бастады.

Қаржы көзіне келсек, филиалға Қазақ­стан Республикасы мемлекеттік білім тапсырысын беретіндіктен, барлық шығын рес­публика бюджетінен төленеді. Бізді үйлестіретін тағы да бір халықаралық қауым­дастық бар. Ол – Университеттердің еура­зиялық ассоциациясы. Бұл ұйымның жетек­шісі – ММУ, біз – орынбасар универ­ситетпіз. Ғылым мен білім, ықпалдастық пен академиялық еркіндік мәселесін тал­қы­лай­тын ділгер жиындарды бірлесе өткіземіз.

2003 жылы 9 сәуірде Еуразия ұлттық университетінің жаңа оқу-зертханалық ғи­маратын ашу салтанатына келген Президент Н.Ә.Назарбаев: «Бұл оқу орнының жаны да, рухы да еуразиялық болатынына се­немін. Гарвард, Оксфорд бірден тұра қалған жоқ. Үлкен еңбекпен қалыптасып дамыды. Жоғары білікті маман даярлау үшін Еуразия университетінің Мәскеу мемлекеттік университетімен, ТМД мен шетелдердің басқа да университеттерімен тығыз байланыста болуы аса маңызды», деп зор міндеттер жүктеп кетті.

Осы жолы Елбасы ММУ-дың филиалын да аралап көрді. Бұған байланысты филиал басшылығы естелік кітабында: «Қазақстан Республикасы Пре­зиденті Н.Ә.Назарбаевтың осы бір та­маша күні айтқан кеңестері мен нұсқау­лары біздің қарекетіміздің сипаты мен қағидаттарын шешуші дәрежеде белгілеп берді», деп жазды.

Содан бергі он бес жылдың ішінде ММУ филиалы Елбасы сенімін ақтап келеді. Бұл – тарихи оқу орнының ғана емес, біздің де қуанышымыз. «Уақыт – таразы» дегендей, филиалдың құрылып жұмыс істеп, нәтижеге жетуі Ресей мен Қазақстанның ғылыми және біліми байланыстарының дамуындағы маңызды кезең екені айдан анық.

2006 жылы Еуразия ұлттық уни­вер­си­тетінде бүкіл Қазақстан жастарына ар­нап оқыған дәрісінде Елбасы: «Біздің аста­намызға келген көп елдің мемлекет басшылары Еуразия ұлттық университетінде дә­ріс оқығанды мақтаныш санайды. Ол халықаралық деңгейге көтерілді. Оның жанында Мәскеу мемлекеттік универ­си­тетінің филиалы жұмыс істейді», дегені есімізде. Бұл тарихи сөз екі оқу орнының әрі табысын, әрі бағдарын көрсетті.

Филиалдың 15 жылдық асуы – Пре­зи­дент Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақ­стан­ның білім-ғылым бағытын дамытудағы тұжырымдамасының нәтижесі. Бұл асу сон­дай-ақ, отандық білім ықпалдастығын өріс­тетудің, еуразиялық кеңістікті нығайтудың табысты жолын да көрсетіп отыр.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің математика, физика, экономика, экология, филология мектебі білімнің қос өзенінің әлем мұхитына құя­тынын жақсы сезінеді. Сондықтан ғалым­дарымыздың бір ғылыми форум, кон­ференция, семинар сынды форматтарда, шәкірттеріміздің ортақ танымал ғалым­дардың алдында бас қосқанын сәттілік деп есептейді.

Нақтырақ айтсақ, соңғы жылдарда студенттер аудиториясында дәріс оқы­ған ММУ ректоры, академик В.А.Са­дов­­ничийден бастап, осы оқу орнының В.Н.Чубариков, Г.А.Чечкин, С.Д.Икрамов, В.Е.Бенинг, М.М.Голубков, А.В.Леденов, А.Н.Варламов, Б.И.Бояринцев, В.А.Ионцев, Ю.В.Тарануха, И.В.Кобзева, В.Р.Битюкова, Ю.Л.Ма­зуров, т.б. профессорларының жаңа­шыл дәрістері білімгерлерімізді тәнті етті.

Халық «Қазақстандағы ММУ» атаған үлкен білім-ғылым мектебіне жыл сайын бас оқу орнынан 160 ғалым келіп дәріс оқи­ды екен. Ал, енді осында оқитын қазақ­стандық жастар жоғары курстарда білімді Мәскеудің өзінен барып алатыны және сонда дипломдық жұмыстарын қорғайтыны – елеулі факт.

Оқырман есінде болатын және бір мәлімет: ММУ-дің Қазақстан филиалы өз мемлекетіміздің білім және ғылым заңдылықтары аясында жұмыс істейді. Білім үдерісіне Қазақстан тарихы, қазақ тілі секілді маңызды міндетті пәндер енгі­зілгенін де айта кету керек.

Филиалда жыл сайын «Ло­моносов оқулары» атты ха­лықаралық ғылыми-тео­рия­лық конференция өтеді. Оның жұмысына Еуразия универ­ситетінің жас ғалымдары белсене қатысады. Студент-жастардың «Тәңірі», «Пегас», «Достық» шығармашылық бірлестіктері де – қос оқу орнының өсу және тәжірибе алаңы. Таяуда ғана пайдалануға берілген және біз бітіруге көп күш-жігер жұмсаған 500 орындық «ММУ Қазақстан филиалы Студенттер үйі» бұл рухани бауырластықты одан әрі арт­тырады деп сенеміз.

ММУ филиалы бакалавриатын бі­ті­рушілердің 35 пайызы Мәскеу универ­си­те­тінің өзіне, СПбУ, Жоғары экономика мек­тебіне, шетелдердің таңдаулы оқу орындарына магистратураға түседі.

Мәскеу мемлекеттік университетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде ойдағыдай дамып келе жатқан филиалдың жұмыс барысын бірінші күннен оның ректоры академик В.А.Садовничий жіті бақылап отырды. Қалыптасқан дәстүрге сай жылына бірнеше мәрте бас оқу орнынан факультет декандарын, маман даярлайтын кафедра меңгерушілерін ертіп әкеледі. Осы сапарларында Еуразия ұлттық университеті кафедраларымен байланыс арта түседі. Таяуда ғана В.А.Садовничий арнайы келіп, «Студенттер үйінің» ашылу салтанатына қатысты, студенттерге дәріс оқыды, ғылыми-зиялы қауыммен жүздесті. Осы сапарында ол: «Жастарымыз Н.Ә.Назарбаевтың сенімін ақтайтынына сенемін. Олардың білімге ұмтылысы мен жауапкершілігі ұнайды» деді.

Рас, ММУ Қазақстан филиалының же­тіс­тіктерін Елбасымыз да, ел Үкіметі де лайықты бағалап отыр. Құрылым аз жыл­дың ішінде Қазақстан еңбек нары­ғының сұранысын сапалы деңгейде қанағат­тандырып келеді. Филиал түлектері Пре­зидент Әкімшілігінде, министрліктерде, ұлт­тық компанияларда, ғылым және білім ұйымдарында жауапты қызмет істейді. Олар Қазақстанның ғана емес, Еуразия кеңіс­тігінің дамуына үлес қосып жүр. Осыны ескеріп, Астана қаласы әкімдігі елор­даның көрнекті жерінен оқу ғимаратын салуға жер телімін бөлді. Бұйырса, қос уни­вер­ситет те кеңейетін күн алыс емес. Ниет – түзу, ізденіс – мол, әлеует – зор, жауап­кершілік – биік.

Елбасымыз бір сөзінде: «Қолымыздан – қай­рат, санамыздан ақыл кетпесе, жақ­сылыққа жетеріміз хақ» деп еді. Отаны­мыздың жақсылығы үшін ашылып, білім кеңістігінде өз жолын тапқан әрі көрші, әрі тамырлас оқу орны жауапты кезеңде биік деңгейден көріне берсін деп әріптестік тілегімізді жеткіземіз.

32 103

Әйелдер белсенділігі артып келеді

Қазақстан Президенті жанындағы Әйелдер істері және жөніндегі ұлттық комиссия өкілдері жұмыс сапарымен Маңғыстау облысында болды.

Ұлттық комиссияның өкіл­дері алдымен «Саясатқа және жергілікті өзін өзі бас­қару мәселелеріне кешенді көзқарас принциптері» семи­нарына қатысты. Ақтау қа­ласы семинар өткізу орны­на кездейсоқ таң­далған жоқ. Мұнда гендерлік теңдік прин­циптері бірінші орында тұ­рады. Бұл республика бой­ынша жеті әйел әкім орын­ба­сарларының екеуі Маңғыстау өңірі басшысының орынбасарлары болып жұмыс істейтінін дәлелдейді. Мұны қонақтар да атап өтті.

Шығып сөйлеушілер атап өткендей, 2014 жылдың 4 жел­­то­қ­санында Қазақстан Прези­дентінің Жарлығымен Әйел­дер істері және от­басы­лық-демографиялық сая­сат жө­ніндегі ұлттық комиссия құра­мына өзгерістер енгізілді, соған орай оның құ­ра­мы сапа­лық жағынан өзгер­ді.

«Маңғыстау облысының мүддесін қарастыратын Се­нат және Мәжіліс депутаттары­мен жұмыс істейміз. Олар­дың өңірдің дамуына да, елі­міздің заң шығару база­сы­ның қалыптасуына да үлкен үлес қосатынын біле­міз. Мемлекет басшысы Ұлт­тық комиссияның басты мін­детінің елдегі отбасылық-демографиялық саясатты қа­лыптастыру жөніндегі жұмыстарды жолға қою, отбасы институтын және шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдер қозғалысын нығайту екендігін анықтап берді. Шешімдер қабылдау деңгейінде даяр­ланған әйелдер қаншалықты көп еңбек етсе, ол шешімдердің соншалық сапалы болатынына сенімдімін», – деді Парламент Мәжілісінің депутаты Елена Тарасенко.

Гендерлік теңдік стратегиясы гендерлік даму бойынша ең маңызды міндеттерді анықтап берді және гендерлік саясаттың өзінің мәні – ер адам­дарға да, әйелдерге де сая­си-экономикалық салаға қаты­суға тең мүмкіндіктер беру. Ол отбасындағы теңдік, отбасы институтын, отбасылық қа­рым-қатынастарды дамы­ту мен қолдау көрсету сияқты пози­цияларды қарастырады. «Оған, сондай-ақ, Қазақстан талпы­ныс жасайтын негізгі пара­метрлер қойылған. Парла­менттегі әйелдердің өкілдігі бойынша, мәселен, Мәжілісте 27 әйел бар, көр­сеткіштер жаман емес. Деген­мен, біз өңірлердегі көрсет­кіштер үшін жұмыс істеуіміз қажет. Біздің міндетіміз – кеңес­тер беру, жұмысты ауыл­дар мен аудандарда жүрг­і­зу қажет екендігіне назар­ларыңызды аудару», – деп атап өтті Ләззат Сүлеймен.

Маңғыстау облысы әкімі­нің орынбасары Бану Нұр­ғазиева Гендерлік теңдік стра­­тегиясының шешімдер қабыл­дауының барлық деңгей­лерінде әйелдердің 30 пай­ыздық өкілдерінің қол жеткізу қажеттілігіне тоқталды. «Егер облыс әкімі деңгейінде бізде екі әйел әкім орынбасары болса, онда ауылдық округтер деңгейінде мақтана алмаймыз. Біздің ауылдық округте әкім бар, бір ғана әйел. Мұн­дай қызметтерде табысты, бел­сенді әйелдер отыратын болса, онда көп нәрсенің өзгеретініне мен сенімдімін», – деді ол.

Әйелдер істері және отба­сылық-демографиялық сая­сат жөніндегі өңірлік комиссия отырысына қатысар алдында қонақтар көрме-жәрмеңкеде болды. Солардың бірі – Марина Жиркова.

– «Далакөш» шоколад ше­бер­­ханасы жуырда ғана ашыл­ды. Біз ең дәмді ко­лум­бия­лық шоколадтан түрлі мүсін­дер жасаймыз. Одан не керек­тің барлығын жасау­ға бола­ды, – деді ол. Шынды­ғында, сөреде шоколад­тан әйел­дер туфлиі, сандық­ша, мульт­фильмдердің, ертегі­лердің үзін­ділері түріндегі қолдан жасал­ған мүсіндер бар. Мұндай мүсіндерді жа­сауға шамамен – бір жарым, ал кішкентайларына жарты сағаттай уақыт кетеді екен. Шеберханалары шағын. Жа­қында Ақтауда дүңгіршек ашуды жоспарлап отыр.

Татьяна Пугачева – «Ақ­тау­сүт» сүт зауытының ком­мер­циялық директоры. Осындай қызметіне қарамастан, ол сүйік­­ті ісі – киіз басумен айна­лы­суға уақыт табады екен. «Маған Мәскеуден тап­сырыс келді. Олардың өз­дерінде ше­берлігімді же­тілдіру үшін мен үйренетін, шеберлік-сабақтар сатып алатын қаншама шеберлер бар ғой, бірақ тапсырыс берушілердің мені қалағанына таңмын», – дейді ол.

Өңірде әйелдер кә­сіп­кер­лігін дамытудың болашағы жайлы облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының жетекшісі Венера Мұстапаева айтып берді. «Облыста әйел­дер кәсіпкерлігіне қолдау көрсететін органдар мен ұйымдардың толық жүйесі қалыптасты, жеке кәсіпорын ашуға талпынатын әйелдерге көмек көрсететін ҮЕҰ-лар саны өсіп келеді. Олар ақпа­рат­тар ұсынады, сабақтар жүр­гізеді, несиелендіру бары­сында көмектеседі. Өңірде Маң­ғыстау іскер әйелдер клубы, Әйел­дер көшбасшылық мек­тебі белсенді жұмыс істейді, «Ата­мекен» өңірлік палатасы жа­нынан іскер кәсіпкер әйел­дер кеңесі құрылды», – деді В.Мұстапаева.

Статистика бойынша, бү­гінде Маңғыстау облысы – бала туу бойынша көшбасшы. Халық санының өсу қарқыны жағынан Алматыдан кейінгі екінші орында тұр. Өңір тұрғындарының 50 пайыздан астамын әйелдер құрайды.

Бұдан кейін семинарға қаты­сушылар Түпқараған ауданында болып, әйелдермен кездесті. Кәсіпкер әйелдердің бірі – Ақшұқыр ауылының дәрігері Тәжіхан Изтұрова: «Бір кездері Ақ­шұқыр кеңшары болған, ол тараған кезде жер телімін дәрі­герлер де, мұғалімдер де алды. Мен онымен шындап айналысуды шештім, сөйттім де мал бағуға кірістім», – деді.

Сондай-ақ, олар Тарас Шев­ченко мұражайында болып, ақынның шығар­ма­лары­мен танысты.

Біздің халқымыз ер-азаматты шаңырақ иесі десе, әйел-ананы отбасының алтын қазығы деп бағалаған. «Халық айтса қалт айтпайды» дегендей, ерлі-зайыпты адамдарға арнап айтылған осы бір тамаша теңеу ғасырдың тереңінен толғанып, өмірдің бай тәжірибесінен шыққан болса керек. Бұрын «әйел теңдігі» ұғымы-мәселе болса, бүгінгі күні ол «гендерлік теңдік» деген үлкен саясатқа ұласып, мемлекет басшысының қолдауымен осы гендерлік теңдік аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң қабылданды. Бұған қоса Қазақстан Республикасы Президенті жанындығы Отбасы істері және демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия жұмыс істейді. Жоғарыда айтылғандай, біздің елімізде әйелдер теңдігін қамтамасыз етуге ықпал ететін 2009 жылы екі заң қабылданды. Оның бірі-«Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 8 желтоқсанындағы №223-ІҮ Заңы болса, екіншісі-«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсанындағы №214-ІҮ Заңы. Жалпы, гендер-ерлер мен әйелдер арасындағы қатынастардың өмірдің барлық салаларында көрініс табатын әлеуметтік қыры деген ұғымды білдіреді. Мемлекет басшысы бекіткен гендерлік теңдік стратегиясы негізінен ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізу мақсатындағы билік пен қоғамның өзара тиімді әрекет етуіне бағытталып шығарылған заң. Қазіргі кезеңде азаматтық қоғам ұлттық гендерлік саясатты жүзеге асыруға және өмірдің барлық саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу тетігін жасауға белсенді түрде, кең көлемде жұмыстар жүріп жатыр. Біздің елемізде бұл мақсаттағы жұмыс көңілге қуаныш ұялатады. Бұл саясатқа Елбасының өзі тереңірек мән беруде. Президент Н. Назарбаевтың өзінің халыққа арнаған Жолдауында «Қоғамның өркениеттік деңгейі оның әйелдерге деген қарым-қатынасымен өлшенеді...» деп тұжырымдауында үлкен мән жатыр. «Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң тек әйелдерге ғана емес, отбасының басқа да мүшелерінің тең құқықтарын сақтап, тұрмыстағы, қысымды болдырмауға ықпал етеді. Айта кету керек, әйелдер қай салада қызымет етпесін, өз беделдерімен қатар, сол сала жауапкершілігін де арттырып, жұртшылық құрметіне бөленуде. Әрбір жұмыстың қиыншылығ мен қызықшылығы, жетістігі мен жемісі болады. Жақсы іс әріден бастау алады. Атап айтқанда, тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 1998 жылғы қараша айындағы Жарлығымен осы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия дүниеге келді. Әйелдерді саясатқа, үкіметтік билік органдарына, экономикаға, бизнеске қатыстыру, ана мен бала денсаулығын қорғау, сонымен қатар отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы тұру. Әйелдер қолы тимеген сала жоқ десек артық айтқандық емес. Мемлекет қайраткері, батыр, ел басқарушысы болған көрнекті әйел тұлғалардың есімдері белгілі. Қазір қоғам болып ұстаз қауымының мәртебесін көтеруге күш салуда. Білім заңына да «ұстаз мәртебесі» деген арнайы бап енгізілді. Ұстаз адамның адам болып қалыптасуына ықпал жасайтын бірден бір маман. Осы орайда ұстаз еңбегінің бағалануы өте дұрыс. Бұл мен үшін зор құрмет. Қазір көп ата-ана «баланы киіндіріп, ішіндіріп, ата-аналық міндетімді орындадым» деп ойлайды. Ал өсіп келе жатқан өскелең ұрпақ үшін ең басты, керек нәрсе ата-аналық жылылық екенін түсінбейді. Ата-ананың бала алдындағы басты парызы, киіндіріп, ішіндіруден де бұрын-дұрыс тәрбие беруі. Ұрпақ тәрбиесінің жақсы болуы-елдің жарқын болашағының кепілі. Егер отбасында бәрі жетіп тұрса әйел адам сырттан гөрі үйдің ішінің сәнін кіргізгені дұрыс қой. Әйел адам өмірге сәби әкеліп, соны жақсылап тәрбиелесе басты міндетін орындағаны дер едім. Рас Іскерлік, ақылдылық, білімділік жағынан алда тұрған әйелдеріміз баршылық. Бірақ көп емес. Сондықтан ер адамдардың оқбойы озып тұрғаны жарасымды да. Өзім гендерлік саясатты қолдамаймын. Ұстаз бақыты шәкіртіңмен бірге қуана білу. Біз үшін басты марапат-ата-ана мен оқушының алғысы. «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» демей ме? Бүгінгі күні әйелдер қоғамымыздың барлық салаларында да, белсенділік танытуда. Олар қандай қызымет атқарса да, аналық құқығын гүлдендіре отырып, үлкен жауапкершілік пен сенімділіктің, жоғарғы кәсібиліктің үлгісін көрсетіп, уақыт көшінен қалмай, болашаққа деген сенімнің зор ұйытқысы болуда. 
Халықаралық аренада әйелдердің саяси көшбасшылығы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Қоғам мен мемлекет тарапынан да нәзік жандылардың іскерлік белсенділіктері мен саяси ықпалдастықтарына деген сенім жоғары деңгейде көрініс табуда.

Тәуелсіздік алғанымызға 20 жылдан астам уақыт болса да еліміздің жаһандық саясатта ше­берлік танытып, халық пен ел абыройын еселеуде көптеген жерлерде жеңіске же­тіп, үлгі-өнеге көрсетіп жүргенін дөңге­ле­нген дүниенің барлық сырынан хабардар мемлекеттер жақсы біледі. Сондықтан да әлем елдерінің алдындағы оң саяси имиджімізді бұдан да мықтырақ ету үшін демократиялық қағидаттарға негізделген гендерлік саясаттың арнасын кеңейтуіміз керек.

Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

Мемлекеттік гендерлік саясат базалық гендерлік заңдарға және Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясына (бұдан әрі – Стратегия) сәйкес жүзеге асырылады. Онда Мыңжылдық даму мақсаттары мен Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның қағидаларына сай Қазақстан үшін гендерлік индикаторлар анықталған. Олар мемлекеттік органдар әзірлейтін бес жылдық мерзімге арналған аумақтарды дамыту бағдарламалары мен стратегиялық жоспарларына енгізіледі.

Еліміздің 20 жылдық дамуының қорытындылары Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың салиқалы стратегиялық курсының арқасында саяси жүйесі орнықты, экономикасы күшті, азаматтық қоғамы тұрақты сәтті және заманауи мемлекет құрдық.

Бұл табысымыз еліміздің жауапты мемлекеттік саясатының маңызды да ажырамас құраушысы болып табылатын гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асырудың да арқасында мүмкін болып отыр. Ол гендерлік теңдікке қол жеткізу саласындағы отандық және халықаралық тәжірибені жан-жақты және егжей-тегжейлі ескере отырып гүлденген болашаққа ұмтылған тұтастай халықтың келісімі мен бірлігін нығайтуға бағытталған.

Денсаулық сақтау, білім беру, еңбек қатынастары саласында қойылған міндеттер серпінді шешілуде. Біздің ел гендерлік саясатты жүзеге асыру бағытында айтарлықтай қадамдар жасады, себебі гендерлік саясат – бұл ең алдымен мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды құрамдас бөлігі. Егер саяси және қоғамдық өмірде, соның ішінде шешім қабылдау деңгейінде әйелдерді қатыстыруды арттыру туралы айтсақ, бұл сұрақ гендерлік теңдік стратегиясында өз жауабын тапты. Қазақстанның гендерлік саясатының ерекше өзгешелігі – гендерлік жобалардың бастамашысы бірінші кезекте гендерлік даму саласында алдын алу және озық шараларын қабылдайтын мемлекет болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан адам құқықтары бойынша, соның ішінде жыныстар арасында тең құқылықты қамтамасыз етуге және әйелдер мен балаларды қорғауға бағытталған 20-дан астам әртүрлі шарттар мен конвенциялардың қатысушысы. Қазақстанда Үкімет қаулысымен республикадағы әйелдердің жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралардың ұлттық жоспарын жасап, бекітті. ҚР Конституциясының 33-бабына сәйкес, азаматтар мемлекет істерін басқаруға тең құқықтар мен мүмкіндіктерге ие.

Қазақстан тәуелсіздік жылдардың ішінде сонымен бірге ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында нақты жетістіктерге жетті.

Қазақстан адам құқықтары бойынша 60 аса халықаралық шарттарға қосылды.

2000 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы Конвенцияға сілтеме жасай отырып, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюмен күрес Халықаралық күнін жариялады.

Басымды міндеттердің бірі әйелдерге қатысты күш көрсету жағдайларын төмендету бойынша жұмыс болып табылады.

Аталған мәселені шешудегі алғашқы қадамдардың бірі әртүрлі мемлекеттік құрылымдармен (ІІД, отбасы және әйелдер ісі бойынша комиссия, әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет департаменттері) тығыз жұмысты қамтитын әйелдерге арналған дағдарыстық орталықтардың ашылуы. 

Қазақстанда отбасы, әйел және бала сұрақтары бойынша жеткілікті құқықтық негіз және қоғамның отбасы маңыздылығын, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлін түсіну қалыптасқан.

Гендерлік теңдік мәселелерін ілгерілетуде үкіметтік емес ұйымдар үлкен рөл атқарады. Қазіргі таңда Қазақстанда 25 мыңдай үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді, оның ішінде шамамен 300-і әйелдер, отбасы және балалар мәселелерімен айналысады. Олардың қызметін ынталандыру үшін 2006-2011 жылдарға арналған Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы мен 2005 жылғы 12 сәуірдегі «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.

ҚР Президентінің 29.11.2005 жылғы Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы бекітілді.

Еліміздің басты құқықтық құжаты Конституцияның 27-бабына сәйкес «Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады».

Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі отбасы-неке қатынастарын орнатады және реттейді. Олардың басты қағидасы – ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі, балалардың отбасылық тәрбиесінің басымдығы, отбасының кәмелетке толмаған және еңбекке қабілетсіз мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау.

2009 жылы 4 желтоқсанда Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу туралы» Заңы қабылданды. Бұл заң отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы адам және азаматтың конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы ескертуге және алдын алуға, сонымен қатар оларды жасауға итермелейтін себептер мен шарттарды анықтап, жоюға бағытталған тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу субъектілерімен жүзеге асырылатын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралардың кешенін анықтайды.

         Биылғы жылдың басты жаңалығы болған Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында да Президент отбасы, ана мен баланы қорғауды басты назарға қойды. Осы жолдауда Елбасы ана мен баланы қорғауды жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі ретінде жариялады.

Әйелдерге қатысты күш көрсету деңгейін төмендету бірден бір жолы оларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесі бойынша олардың құқықтық сауаттылығы мен хабардар болу деңгейін арттыру, әйел құқықтары бойынша және зорлық-зомбылықтың алдын алу тренингтерін өткізу деп ойлаймын.

Гендерлік саясаттың Стратегиясын жүзеге асырудың маңызды сатысы тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады. Осыған орай, Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен азаматтардың құқықтық сана-сезімін арттыру мақсатында «Әділет кеңес береді», «Ашық есік күндері» акцияларын өткізу, ақпараттық-насихат топтарының аудандардың және қаланың мекемелері мен кәсіпорындарына шығу, бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу, қолданыстағы заңнаманы түсіндіру бойынша брифингтер, дәрістер, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, жастармен кездесулер өткізу жолымен жүйелі түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Мемлекеттік және құқыққорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен отбасы-неке заңнамасындағы өзгерістерді, бизнес ашу сұрақтарын, азаматтармен тегін заң көмегін алу құқықтарын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу тәртібін түсіндіру бойынша семинарлар өткізіледі.

Сонымен қатар, Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында айтылғандай, уақыт талабына сай әйелдерді мемлекеттік және қоғамдық басқару ісіне белсене араластырып, олардың бизнес ашып, кәсіпкерлікпен шұғылдануына мүмкіндік туғызу арқылы жаңа кезеңдегі қазақстандық әйел бейнесін қалыптастыруға болады.

Қазақтың көшпелі дәуірінде қыздарды, әйелдерді жоғары бағалаған. «Олар-өмір-өмірдің сәні мен салтанаты, ер адамдардың ақылшысы, балалардың тәрбиешісі» деп қараған. Әйел туралы сөз қозғау әрі оңай, әрі қиын. Әйел ибалы қыз, инабатты келін, қарындас, ана, апа, әже. Тоғыз ай, он күн толғатып, «тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібітіп» әйел бүкіл   адамзатқа өмір сыйлайды.  Ата бабаларымыз да әйелді құрмет тұтқан. Содан да болса керек, ұрпақ тәрбиесін әйел- анаға жүктеген. Ерте кездегі аналарымыздай ерін пір тұтып, ибалы қыз, иманды ұл тәрбиелеп отырған әйелдер күн өткен сайын азайып түскені ащы да болса шындық. Бұған кінәні тек әйелдерден ғана іздемей, еркектердің де жауапкершілік міндетін жоғалта бастағаны деп қарасақ қателеспейтін шығармыз? Cоңғы жылдары еліміз батыстық үлгідегі гендерлік саясатты пайдаланып, қыз-келіншектердің құ- қығын қорғап, олардың қоғамдағы рөлін көтеру ісімен мемлекеттік деңгейде айналыса баста­ды. Осының нәтижесінде елімізде гендерлік саясат сәтті орындалып, билік тізгінін ұстаған қыз-келіншектердің саны арта түскені жасы­рын емес. Ал біз өмір сүріп отырған заманда әйелдердің қоғамдағы орны қандай?

Бүгінгі әйел билік басында еркекпен иық тірестіріп жұмыс істеп жүр. Олар — ана, олар – жар, олар — қыз, олар — келін. Қызметтен де басқа қоғамдағы орындары бар. Ең басты­сы — әйел қоғамның тең құқылы мүшесі. «Ген­дер» деген бір ауыз сөз айтылса, еркектеріміз үркіп қарайды. Әйел отбасы, ошақ басы, қазанның жанында отыратын уақыт көшпелі дәуірде қалды. Біз әлі күнде көшпелі тіршілік кешіп жүрміз бе, жапандағы жалғыз аралда тұрамыз ба? Қазақ киіз үйін тастап, топырақ пен «қымбат қызыл кірпіш» тастан салынған үйге көшкелі бері дәстүр сан мәрте өзгергені белгілі. Рас, қазақ әйелі ежелден ұрпақ тәр- биесіне ерекше көңіл бөліп қараған. Қыз бала­ны ас пісіруге, кесте тігуге, өрмек тоқу сияқты үй ішінің жұмыстарына баулып отырған. Ол түсінікті де. Алайда, егер қолынан келсе, нәзік жандылардың билікке араласуына әбден бо­лады. Қазір тарихи сахнада ғылым, білім, тех­ника, ақпарат, сауаттылық заманы. Ерлердің ісі болып есептелетін салада әйелдердің саны артып келе жатқандығын кім де болса мойын­дайды. Әйел көлікті де жүргізе алады, ұшақты да басқарады. Әрине, қауіп қатері мол, қол қауқарын қажет ететін мамандықтар әлі күнге дейін техника дамып, адам жұмысы жеңілдеп жатса да кездеседі Мысалы, зергер, жүк тасу­шы, жол жөндеуші. т.б. Мұндай мамандықтар қатарынан әйел баласын кезіктіру екіталай. Саясат пен басқару саласында әйелдердің өз орнын табуына мүмкіншілігі жеткілікті, өйткені саясатта қара күш емес, біліктілік пен қабілеттілік қажет. Үлкен саясатта әйелді көргісі келмейтін еркектер көп. Олардың түсінігі бойынша, әйел тым сезімтал, нәзік, ашық жарқын мінезді. Ал басшы болу  үшін белсенді, сөзіне аса сенімді, қайратты болу керек деп біледі. Сондықтан болар, саясат пен басқару әзірге нәзік жандылардың емес,  шек­пен шалбарлылардың еншісінде болып тұр. Әлемдегі озық 50 елдің қатарына кіреміз де­сек,  интеллектуалды ұлт боламыз десек, бізге байыпты гендерлік саясат қажет. Мемлекет пен халық тек қана еркектерден тұрады не­месе кәсіби маман болу, интеллект еркектің маңдайына жазылыпты деп кім айтады? Ген­дер мәселесіне жан-жақты қарау керек. Көпшілік қауым, гендерлік саясатты әйелден еркек жасау деп түсінеді. Гендерлік саясат дегеніміз, әйелдерді ерлермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық зомбылықтың алдын алу сияқты мә- селелерді шешу болып табылады.

Марат МЕКЕБАЕВ, дәрігер травматолог:

— Қазақ халқы әрдайым әйел баласын, ана­ны қадір тұтып, құрметтей білген. Бүгінде қыз келіншектер жұмысбасты болып, үй тірлігінен қол үзе бастады. Еріне әйелі тәуелді болғысы келмейді. Ондай отбасылар көбіне ажырасып тынады. Кешке жұмыстан шаршап келгенде алдынан күлімдеп әйелі, еркелеп балалары шықпаған отбасында қандай береке болсын?

Жалпы адам қоғамдық жұмыста өзін еркін сезіну үшін оның арқасүйер отбасы болуы ке­рек деп ойлаймын. Әйел жалғыз болса, еркін жұмыс істей алмайды. Себебі оның артын­да қолдайтын ешкімі жоқ. Отбасылы әйел өзін еркін сезініп, жақсы басшы бола алады. Жақсы әйел билік басын­да жұмыс істеп отырған кезде бала тууды, от­басын құруды ұмытпайды.

Мен әйелдің дәрігер, мұғалім, бюджеттік салада жұмыс істеуіне қарсы емеспін, алай­да биік мансапқа ұмтылуын қолдамаймын. Жалпы, «әйел теңдігі» мәселесі деп қанша пікір айтылғанмен, шындығында келгенде жаратылыс тұрғысынан әйел мен еркек тең емес. Әрқайсысы өзіне тән қасиеттерімен ерекшеленеді. Әйел денедегі жүрек болса, ер­кек сол денедегі ақыл іспетті. Жүрек ақылсыз, ақыл жүрексіз өмір сүре алмайды. Жүректі ақылдан жоғары, ал ақылды жүректен артық деп айту мүмкін емес. Сондықтан, әйел ер­кектен жоғары немесе төмен деп айту, дұрыс айтылған пікір емес.

Дана Байгожина, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  магистранты

— Тарихы сан ғасырлардың қойнауына кететін еліміздің арлы-бергі тарихына қарайтын болсақ, халқымыздың басып өткен жолдарын айқындауға септігі бар үлкенді-кішілі деректердің саны қаншама? Кемеліне келген елдер өз тарихының әрбір бетін қастерлейді. Сол сияқты, біздің тарихымызда да үлкен бір «заңдылық» бар. Тоқсан тарау тағдыр, та­нымы терең тарих. Танымды тарихымыздың өткеніне зер салып қарасақ, қазақ қоғамында небір батыр аналар мен қыздар болған. Қазақ келешек ұрпақтың тегін ойлап, жеті атаға дейін қыз алыспаған. Демократиялық мем­лекетте гендерлік саясат болуы заңдылық. Қазақтың саналы азаматтары қашанда қызды жоғары бағалап, мәпелеп өсірген. «Алып ана­дан туады» демекші, біздің қайсар аналары­мыз талай-талай таланттарды дүниеге әкелді. Қазақ әйелін ешқашан төмендетіп көрмеген, сонда біз қалай теңсіздік деп айта ала­мыз? Гендерлік саясатты қолдаймын немесе қолдамаймын деген пікірдің өзі дұрыс емес. Талантты, білімді әйел ешқандай тосқауылға қарамай, отбасын құрып, билік басында оты­рып, керек десеңіз министр қызметін де атқара алады. Сондықтан әйелдердің теңдіктен бос қалады деген бос сөз, жарысудың қажеті жоқ. Әрине, Еуропаға еліктеп, қыз-келіншектердің барлығы саясатқа араласса, отбасының бере- кесін кім сақтайды, балаларды кім тәрбие- лейді? Дегенмен, ел болатын халық түбін ой­лайтыны белгілі. Бастысы — елдің ертеңін жа­сайтын бүгінгі жас ұрпағымыздың тәрбиесі мен білімінің деңгейі. Негізгі тәрбиешісі- отбасы. Батыс Еуропа елдерінен жақсы, қажетті нәрселерін ғана алуымыз қажет. Керісінше олар біздің мәдениетімізді, салт- дәстүрімізді, тәрбиемізді үйренсін. Лауа­зымы жоғары әйелдер елдің мақтанышы, қоғамның айнасы болуы керек. Қандай әйел басшы болса да өзінің міндетін ұмытпасын. Біз бұрынғы ата-бабалардан ақылды емеспіз. Ата-бабаларымыздың қанымен қол жеткізген кең-байтақ еліміздің жеріне иелік ететін ұрпақ санын көбейту керек.

Гүлмира СҰЛТАНБАЕВА, саяси ғылым-дарының докторы, доцент:

— Алдыңғы қатарлы елге ұмтылған қоғамда гендерлік теңсіздік және теңдік мәселесі де «ұлттық идеяны» айқындаушы факторлар қатарында. Қазақ қоғамы үшін қолдау тауып та, сыналып та жатқан кереғар пікірлердің алмағайып түсуіне ықпал етіп отырған мәселе – осы. Әйелдер мәселесі та­рихи жағынан алғанда да, бүгінгі шынайы уақыт шеңберінен алғанда да бұқаралық санаға әсер ететін, қоғам дамуына да ықпалды көпшілік құбылыстар қатарында. Қазақ қоғамы үшін гендерлік саясат мәселесі ұлттың менталитетіне, елдік сананың ерекшеліктеріне қарай күштеп, таңып енгізу артық. Әрине, шығыс елі, сондай-ақ халқының басым бөлігі мұсылмандар саналатын Қа- зақстанда гендерлік саясат батыста дамыған, оларды мынадай үлгісі бар деп толықтай соны көшіруге, не еліктеуге мүлдем болмайды. Қазақ тарихында, ұлт мәдениетінде, салтын­да, дәстүрінде әйел адамның, қыз баланың қоғамдағы орны ең алдымен отбасындағы орнымен қадірлі саналған. Сол үшін де әйелдерді жаппай гендерлік саясатқа таңып үлкен саясатқа, мемлекеттік қызметке не қаржы, өндіріс, коммерция т.б. салаларын­да да алатын орны мен абырой ерекше. Де­генмен дамыған демократиялық елдердің құндылықтары, атап айтқанда әйелдерге қатысты саясатына еліктеуден гөрі, өзімізге жақын ұлттық саяси ұстаным, өте білікті де аса нәзік саясат дұрыс деп санаймын. Яғни әйел адам қоғамымыз үшін болашақ ұрпақты жалғастырушы ана, мемлекет өміріндегі жа­уапты қызметкер, отбасындағы аяулы жар екендігін біз ешқашан науқандық саясатқа ай­налдырмауымыз қажет.

СӨЗ СОҢЫ: Біз гендерлік саясатқа қарсы емеспіз. Өйткені, ол қоғамның талабы. Өркениетті елімізді дамыту үшін, әйел,ер деп екі топқа бөліну жөнсіз сияқты. Қай топ болмасын өз белсенділігі мен іскерлігін ортаға салып, елге деген сүйіспеншілікпен беріле жұмыс атқарса, нұр үстіне нұр болары анық. Ақылды әйел қашанда отбасы мен қызметін бірге ала жүріп, әлемнің бесігін тербеуге құдіреті жетеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ЕАЭО #Бірлік