$ 494.87  520.65  4.91

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары алаңдаушылық білдіргендерге алғыс айтты

Бұған дейін әлеуметтік желіде оның пышақ жарақатын алғандығы айтылған болатын.
фото: Kaztube
фото: Kaztube

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Алмас Айдаров үй жағдайында пышақтан жарақат алған. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында бөліскен еді. Бұған дейін әлеуметтік желіде оның пышақ жарақатын алғандығы айтылған болатын. 

«Достар, денсаулығыма қатысты ақпаратқа байланысты көп қоңырау түсіп жатыр. Алаңдағандарыңызға рахмет! Менің қазіргі жағдайым қалыпты, қарапайым пышақтан жай жарақаттандым. Абайсызда кешке пышақпен қолымды кесіп алғанмын, түнде қатты қансырап, жедел жәрдем шақыруымызға тура келді», - дейді ол өз парақшасында. 

Әкімдіктің баспасөз қызметі Айдаровтың жағдайына байланысты алаңдаудың қажеті жоқтығын айтады.

«Әкімнің қазіргі жағдайы жақсы. Ертең барлық қазақстандықтар сияқты ол да қалыпты еңбек кестесімен жұмысқа қосылатын болады», - деп әкімдік арнайы хабарлама жасады.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары