$ 494.87  520.65  4.91

Бердібек Сапарбаев: «Болашақта үйлерді аралаудан бас тарту қажет»

Сонымен қатар, министр мемлекеттік органдар басшыларының назарын «Е-Халық» жүйесімен базаларды біріктіру бойынша жұмысты жандандыру қажеттігіне аударды.
фото: ztb.kz
фото: ztb.kz

Осы күнге дейін ел бойынша 185 мың отбасыға жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек төленді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев селекторлық кеңес барысында айтты. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметінен хабарлады. 

«Елбасының тапсырмасы бойынша 1 сәуірден бастап жаңа әлеуметтік саясат аясындағы шаралар жүзеге асырылуда. 25 мамырдағы жағдай бойынша, 185 мың отбасыға жаңартылған атаулы әлеуметтік көмек төленді», - деді Б. Сапарбаев кеңесті аша отырып.

Оның айтуынша, «деректер базасын интеграциялаудың арқасында қазір 13 миллионға жуық адамның деректері өзектендірілген».

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес-біз еңбекке қабілетті адамдардың барлығын жұмыспен қамтамасыз етуге тиіспіз. Көпбалалы отбасыларға және мүгедектігі бар адамдарға өз ісін ашу үшін жағдай жасау. Осыған байланысты «Еңбек» жұмыспен қамту мемлекеттік бағдарламасына қайтарымсыз мемлекеттік гранттар беру және жеңілдетілген микрокредит беру бөлігінде өзгерістер енгізілуде», - деп атап өтті министр.

Сонымен қатар, ол мемлекеттік органдар басшыларының назарын «Е-Халық» жүйесімен базаларды біріктіру бойынша жұмысты жандандыру қажеттігіне аударды.

«Адамдар комиссиялар келіп, мін іздейтініне шағымданады. Бізде пайдаланылуы қажет ақпараттық жүйелер бар және сол арқылы болашақта үйлерді аралаудан бас тарту қажет. Мен әкімдіктерден бұл мәселеге шындап кірісуін сұраймын», - деді Б.Сапарбаев.

2019 жылғы 1 сәуірден бастап АӘК көрсету мөлшері күнкөріс деңгейінің 50%-дан 70%-ға дейін көтеріліп, 20 789 теңгені құрады. Егер АӘК-тің орташа мөлшері отбасының әрбір мүшесіне бұрын 4 834 теңгені құраған болса, сәуір айынан бастап әр балаға 20 789 тг. төленеді.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары