Бүгін Елордада «Шарын», «Әсем» және «Артём» базарларында «Әр тұтынушыға қауіпсіз өнімдер» акциясы өткізілді, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, адамдар сатып алынған азық-түліктің қауіпсіздігін, бал мен сүт өнімдерінің сапасын тексеру, оның құрамындағы нитраттардың мөлшерін, денсаулыққа зиянды заттардың болу-болмауын анықтау мүмкіндігіне ие болды.
Астана қаласының Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің мәліметі бойынша, қалада тиісті шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылады. Көкөніс өнімдері сатылымға түскелі нитраттардың мөлшерін анықтау үшін 1555 сынама алынды. Соның ішінде 7 жағдайда (қауын, құлпынай, өрік, жүзім) нитраттар мөлшері шамадан артық болған.
Департаментте тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңнаманы түсіндіру бойынша «Тікелей желі» құрылды және сапалы халықтық тұтыну тауарларымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңестер беріледі.
Тікелей желі телефондары: 31-71-37, 31-79-92, 31-55-02;