$ 494.87  520.65  4.91

Елімізден қоныс аударғандар саны көбейді

Қазақстаннан қоныс аударғандар саны 6,9% көбейді, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл жөнінде «ҚР демографиялық ахуалы туралы» өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайлов мәлімдеді.

― 2014 жылғы қаңтар-мамырда Қазақстанға тіркелуге келгендер саны 2013 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 18,5% кеміп, 7296 адамды құраса, Қазақстаннан тіркеуден кеткендер саны 6,9% көбейіп, 7 855 адамды құрады. Ал көші-қоңның айырымы - 559 адам болды. Еліміздегі негізі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен болуда. ТМД елдерінен келгендердің және сол елдерге кеткендердің үлесі тиісінше 86,9% және 86,3% құрап отыр. Қарастырылған кезеңде 2013 жылға сәйкес кезеңмен салыстырғанда ел ішінде көшіп-қонушылар саны 33 370 адамға (31,5%) көбейіп, 139 463 адамды құрады, ― дейді Ә.Смайлов.

Оның айтуы бойынша өңіраралық қоныс аударудың халық көші-қонының оң айырмасы Астана (9004 адам), Алматы (5731 адам), Атырау (220 адам), Ақтөбе (201 адам) және Маңғыстау (197 адам) қалаларында қалыптасқан.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары