$ 448.89  477.93  4.76

Шымкентте биыл ішкі орамдағы 26 көше жөндеуден өтеді

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Instagram әлеуметтік желісінде хабарлады. Шаһар басшысы биыл Шымкентте орташа жөндеу жасалатын, асфальт қабаты төселіп, пайдалануға берілетін ішкі орам көшелердің тізімін жариялады.

Тізімнің басында «Солтүстік-батыс» шағынауданындағы Талас, Аламан көшелері тұр. Бұдан өзге де жөндеу жүргізілетін көшелерге тоқталсақ: «Қайтпас» ш/а: Алтай көшесі; «Ақжайық» ш/а: Б.Серікбаев көшесі; «Қайтпас» ш/а: Дайрабеков көшесі; «Қайнарбұлақ» тұрғын үй алабы: А.Бөлешов көшесі; «Қайнарбұлақ» саяжай алабы: А.Шрейдера көшесі; «Мәртөбе» тұрғын үй алабы: Ленова, Новостройка, Пушкин көшелері; «Пахтакор-2» ш/а: Тіленшин, Майбұлақ көшесі; «Қызылжар» ш/а: Ж.Кекілов, Р.Жұмабеков, Рамазан ата көшелері; «Ақтас» ш/а: №1, 2, 3, 36 көшелері (№131 мектепке кірме жол); «Бозарық» ш/а: атауы жоқ көшесі (бастамасы Бәйдібек би); «Лесхоз» ш/а: Б.Момышұлы, Канал жағалау көшесі; «Қазығұрт» ш/а: Ш.Уәлиханов көшесі; «Маятас» тұрғын үй алабы: Жаманұлы, Рысқұлбеков, Нысанбайұлы көшелері, Б.Момышұлы көшесінің жалғасы; «Тельман» ш/а: Жұмабаев көшесі; «Ынтымақ» ш/а: Баян сұлу көшесі; «К.Маркс» бөлімшесі: Ермексу, Молдағұлова көшелері; Еңбекші ауданы: Қалмырзаев, Данов, Дружба народов көшелері; Әл-Фараби ауданы: Шәймерденов (Шәймерденов және Дулати аралығы) көшесі; «Самал-3» ш/а: Естемес би, Мұғалжар, Нұрлы таң көшелері; «Самал-2» ш/а: Ризашылық көшесі; «Шапағат» ш/а: Шапағат көшесі; «Жалын» тұрғын үй алабы: Көктал, Ягодная көшелері; «Солтүстік» саяжай тұрғын үй алабы: Жігер, Орталық көшелері; «Асар-2» ш/а: №8 көшесімен А-2 автожолына дейін; «Достық» ш/а: Мұзтау көшесі.

Айта кетерлігі, қала әкімінің Instagram әлеуметтік желісінде өз мекендеріне асфальт төсеп беруін өтініп, жазба қалдырғандардың қатары көп. Олардың арасында «Тұран» және «Самал-3» шағынаудандардың тұрғындары белсенділік танытқан.

«SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары