$ 444.32  473.33  4.76

Шымкентте салық рақымшылығының алғашқы нәтижелері көріне бастады

2019 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер органдары тарапынан 2018 жылдың 1 қазанында болған жалпы сомасы 191 млн теңгені құрайтын негізгі қарызын төлеген 1254 салық төлеушінің 23 млн теңгені құрайтын өсімпұл мен214 мың теңгені құрайтын айыппұлдарды есептен шығару жөніндегі шешімдер қабылданған.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес субъектілері үшін салықтық рақымшылықты жүргізуді қарастыратын Заң күшіне енгені белгілі. Ал 2019 жылдың 8 ақпанынан бастап салық қарызын төлеген жағдайда өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару қағидалары қолданысқа енген болатын. Алдын ала деректер бойынша 2018 жылғы 1 қазандағы жағдайға сәйкес 45,9 млрд теңге салық берешегі бар 4 822 шағын және орта бизнес субъектілері рақымшылыққа жататынын естеріңізге сала кетейік.

Бұл ретте шағын және орта бизнес субъектілеріне мемлекеттік кірістер органдарына барудың қажеті жоқ: өсімпұлдар мен айыппұлдар салық төлеушінің өтінішінсіз есептен шығарылатынын назарларыңызға аламыз. Оңалту рәсіміндегі және салықтар бойынша төлеу мерзімін ұзартқан салық төлеушілер, берешек сомасын толығымен төлеген жағдайда, өсімпұл мен айыппұл сомаларын есептен шығару туралы арыздарын аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына жолдауы қажет.

Салық рақымшылығы аясында туындаған барлық сұрақтар бойынша Шымкент қалалсы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне 35-51-87телефоны арқылы және салық төлеушілердің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармаларына хабарласуға болады.

 «SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары