$ 494.87  520.65  4.91

Ұлыбританияда дүниеге терісіз келген нәрестенің жағдайы жақсарып келеді

Кайденге тағы төрт операция жасалады. Бүгінде оның денсаулығы қалпына келіп жатыр. 1,1 келі болып туған баланың салмағы жарты жылда 4,3 келіге жетті.
Фото: IpNews
Фото: IpNews

 

Терісі жоқ бала Уорикшир ағылшын графтығында былтыр дүниеге келген болатын, деп хабарлайды Daily Star таблоиды.

19 жастағы Джессика Кибблердің тұңғышы Кайден Джейк былтыр күзде өмірге әкелді. Жеті айлық баланың салмағы бір келіден сәл асатын. Нәрестенің денесінің тек екі пайызында терісі болды. Дәрігерлер баланың адам болмайтынын айтып қорқытты да. 

«Медбикелер Кайденді көрсеткенде ол ет секілді қып-қызыл болатын, - дейді Кибблер. — Небары 19 жаста болсақ та, іштен шыққан баламыз болған соң, бар жағдайды жасадық». 

Анасының айтуынша, дәрігерлер де қолдан келгенді аямапты. Алғашқы бір жарым айда балаға тері бітеді. Оы уақыт аралығында нәресте киімсіз жатты. 

Дүние есігін аша сала балақай сепсис, ішек ауруы, герпес, бронхиолит секілді дерттерге шалдығыпты. 

Осы айда дәрігерлер іш терісін баланың оң қолына салды. Кайденге тағы төрт операция жасалады. 

Бүгінде Кайденнің денсаулығы қалпына келіп жатыр. Оны салмағы 4,3 келіге жетті.
 

Дереккөз: Lenta.ru

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары