28.05.2019, 12:45

Жандарбек Бекшин: «Нұр-Сұлтанда 48 адам қызылша дертіне шалдықты»

Фото: eSP.md
Еліміздің бас санитар-дәрігері Жандарбек Бекшин республикадағы қызылша ауруына қатысты ақпаратты жариялады.

Оның айтуынша, Нұр-Сұлтан қаласында апта ішінде 48 жағдай тіркелген. 38 жағдай Маңғыстау облысы бойынша анықталып отыр. Жыл басынан бері 7,5 мыңнан астам адам қызылша дертіне шалдыққан. Оның 5,3 мыңы - балалар. Бұл туралы SN.kz тілшісі 365info.kz сайтының мәліметіне жүгініп хабарлайды. 

«Індеттің негізгі ошағында науқастардың жақындарын иммундау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі күні 15 мыңға жуық адамға вакциналық егу жасалды. Сонымен қатар, сәуір айының алғашқы тәулігінен бастап бір жасқа толмаған 67 мыңға тарта сәбиге, 65 мыңнан астам медициналық қызметкерге де егу жұмыстары жүргізілді. Осылайша бір айдың ішінде қызылша дертінің таралуы 17 пайызға дейін азайды», - дейді бас дәрігер.