Әлеумет 29.05.2019 сағат 11:50

«Аралдың құрып кетуіне Хрущев кінәлі»: Олжас Сүлейменов елдегі судың мәселесін қозғады

Жиында Қазақстандағы Аралды құтқару халықаралық қоры Германия қаржыландыратын «Солтүстік Аралдың балығын қорғау» туралы жобасын жүзеге асыру келісіміне қол қойды.
«Аралдың құрып кетуіне Хрущев кінәлі»: Олжас Сүлейменов елдегі судың мәселесін қозғады
Фото: www.matritca.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұр-Сұлтан қаласында «Байтақ болашақ» экологиялық альянсының III конгресі өтті. Бұл жолғы жиналыс су мәселесіне арналды.

Конгресті ашқан Олжас Сүлейменов: «Арал теңізіне Сырдария мен Әмудария құяды. Бұл екі дарияның Өзбекстаннан басталатыны белгілі. Хрущев мақта өндірісін көбейту үшін су қоймаларын салуды бастап, миллиондаған гектар жерге суды бұрды. Сонымен Арал сусыз қалды. Сол кездегі орталықтың өткізген жиналысында олардың ұсынысына Қонаевтың «Мақтаны Қазақстанда да еге аламыз» деп айтқаны есімде. Сол үшін Қонаев сенімсіз тұлғаға айналды», – деді. 

Ресей Зоология иниститутының гидробиологиялық лабораториясының меңгерушісі Николай Васильевич Аладин «Сыр мен Әмударияларының бойындағы ауылшаруашылық өндірістерін реттеу мен суды пайдалану жүйесін оңтайландыру арқылы соңғы жылдары Арал теңізі аз да болса тіріле бастаған»,- деген мәліметті алға тартады.

Жиында Қазақстандағы Аралды құтқару халықаралық қоры Германия қаржыландыратын «Солтүстік Аралдың балығын қорғау» туралы жобасын жүзеге асыру келісіміне қол қойды. Бұны 2019 жылдың соңына дейін іске асыру көзделген.

Дереккөз: informburo.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар