$ 448.15  483.46  4.86

«Қызмет деп жүріп отбасы да құрмадым»: сотталарының алдында министрлік қызметкері өкінішін білдірді

Әлеуметтік желіде белсенділігімен танылған министрлік өкілі Асланбек Жақыпов енді өмір бойы мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда, банктерде қызмет ете алмайтын болды.
фото: Zakon.kz
фото: Zakon.kz

Ұлттық экономика министрлігің қызметкері Асланбек Жақыпов үш жылға бас бостандығынан айырылды. Есіл аудандық соты Министрлік департаментінің басшысына қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жасағаны үшін үкім шығарды, деп хабарлайды SN.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде белсенділігімен танылған ол енді өмір бойы мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда, банктерде қызмет ете алмайтын болды. Жас шенеунік кінәсін мойындап, өкініш білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, министрлік қызметкері Жақыпов сәуір айында 500 мың теңге мөлшерінде пара алғаны үшін ұсталған болатын.

Тілшілерге берген сұхбатында Жақыпов осындай қызметке дейін жоғарылаған кезде қателесемін деп ойламағанын жеткізді. 

«Мемлекетке қызмет еттім, бар күшімді жұмысқа арнадым. Тіпті, отбасы құруға уақыт бөлмедім» деген шенеунік биыл жазда шаңырақ көтергісі келгенін де жасырмады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары