$ 443.85  474.3  4.8

Шымкент қаласында 19 әскери қызметкерге пәтер кілті берілді

Шымкентте 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсаңында бір топ әскери қызметкерлер пәтер кілтіне ие болды.

Шымкентте жаңадан бой көтерген «Тұран» шағынауданында орналасқан тұрғын үй кешенінен «Нұрлы жер» бағдарламасымен әскери қызметкерлерге пәтер кілті тапсырылды. Салтанатты жиында Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінің командирі полковник Қайрат Үмбетов, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Шымкент қалалық филилалының директоры Құдайберген Сейітмағамбетов, «Бәйтерек девелопмент» АҚ Шымкент қаласындағы өкілі Дәуітхан Дүйсенбаев құттықтау сөз сөйлеп, пәтер кілттерін табыс етті.

– Көптен күткен қуаныштарыңыз қасиетті Рамазан айының басталуымен тұспа-тұс келіп отыр. Әскери қызметкерлер пәтер алу үшін «Бәйтерек девелопмент» АҚ-на өтініш жасадық. Жалпы қалада жеті жарым мыңдай әскери қызметкер бар. Акционелік қоғам «Тұран» шағынауданынан 501 пәтерді бізге бөлді. Соның көп бөлігі әскери қызметкерлерге беріледі. Біздің қызметкерлер барлық әскери бөлімдерде болып, үгіт-насихат жұмыстарын атқарды. Міне, соның арқасында осындай нәтижеге қол жеткіздік. Қоныстойларыңыз құтты болсын, қуаныштарыңыз баянды болсын, – деді Қ. Сейітмағамбетов құттықтау сөзінде.

Жалпы Шымкент қаласында орналасқан әскери құрылымдарда қызмет ететін 19 офицерге пәтер кілті берілді. Көршілер мен тұрғындар банк атынан «Жасыл мекен» акциясы аясында сыйға тартылған 60 түп ағаш көшетін аула ішіне отырғызуға атсалысты.

 «SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары