«Байтұрсынов көшесі бойында атқарылып жатқан жұмыстарды қадағалап шықтым. Күн райы жылынғаннан бері жұмыс қызу жүргізілуде, биылғы күзде қаламыздағы жаяу жүргіншілер, велосипед және көлік жүргізушілері үшін ең ыңғайлы әрі үлгілі көшелердің біріне айналмақ. Ең бастысы, осы көше бойындағы жасыл желек пен ағаштарды сақтап қалу ойымызда», – деп жазды қала басшысы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Еске салсақ, Байтұрсынов көшесінде күн жылынғалы құрылыс қарқын ала бастады. Бұған дейін көшенің басы яғни, Түркістан көшесімен қиылысқан тұсында жұмыс басталған еді. Мердігерлер жаяу жүргінші жолдарын реттеп, жол жиегіндегі ирригациялық жүйелерді алмастыруда. Құрылыс барысында жаяу жүргінші жолы жасалып, көшеге толық асфальт төселеді. Сондай-ақ, қала әкімінің тапсырмасына сай веложолдар да қарастырылады.
«SN.kz» - ақпарат»