10.05.2019, 14:12

Шымкентте балалар кардиохирургиялық орталығы ашылады

Бұл Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов пен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ басқарма төрағасы Юрий Пямен екіжақты меморандум жасау барысында белгілі болды.

Юрий Владимирович шаһар басшысына үшінші мегаполис үшін бұл орталықтың қажет екенін айтты.

– Оңтүстік өңірде бала туу жағынан өсім жоғары. Өкініштісі, аймақта жүректің туабітті кеселіне шалдыққан балалардың саны да көбейіп жатыр. Науқас балаларға ота жасау үшін республикалық орталыққа жеткізіледі. Дертке шалдыққан балаларды дер кезінде емдеу маңызды. Оның үстіне Шымкентте білікті кардиохирургтар жетерлік, – деді «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталық» АҚ басшысы Юрий Пя.

Мамандардың дерегінше, өңірде туа біткен жүрек ақауымен күресуде жылына 50-70-ке жуық балаға ота жасалады екен. Айта кетейік, Юрий Пя меморандум аясында жергілікті дәрігерлермен бірлесіп, 19 жасар науқас қыздың жүрек қақпақшасына жаңа тәсілмен күрделі ота жасады. Сәтті ота нәтижесінде қардиохирургтар науқастың жүрек қақпақшасын сақтап қалды.

 «SN.kz» - ақпарат»