Олар барған алғашқы үйде 95 жасар Тілеумбет Қожаназаров тұрады. Тілеумбет аға 1924 жылы 22 қаңтарда Қызылорда облысы Қазалы ауданында дүниеге келген. 1942 жылы қыркүйекте әскер қатарына шақырылып, Иркутск авиамеханикалық училищесін бітірді.
Польшада соғысты, Украинаны, Белоруссияны азат етуге қатысты. Сондай-ақ, Хаймар Харавин бағытында Жапонияда соғысты. Майданда бортинженер лауазымында әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындады.
28 мемлекеттік наградалармен және медальдармен, соның ішінде Украинаны азат ету, Германия мен Жапонияны жеңгені үшін медальдарымен марапатталған.
Соғыс аяқталғаннан кейін Қызыл әскер қатарында қалып, 1951 жылға дейін геолог болып жұмыс істеді. 2 жыл бойы 1952 жылдан Қазалы қаласының аудандық милиция бөлімінде жұмыс істеді. Содан кейінгі 7 жылын Түркістан қаласында ауыл шаруашылығы саласына механик қызметіне арнады. 1964 жылы Шымкент қаласына көшіп келіп, ет комбинатына механик болып, 30 жыл жұмыс істеді. Ардагердің 10 баласының бүгінде көзі тірісі жетеу.
Р. Аюпов пен С. Абдуллаев ардагерге Жеңіске қосқан үлесі үшін алғыс айтып, оған ұзақ өмір мен мықты денсаулық тіледі. «Shymkent» ӘКК мен «Оңтүстік» АЭА басшылары Шымкентте тұратын 10 ардагерге азық-түлік салынған қораптар мен гүл шоқтарын тарту етті.
«SN.kz» - ақпарат»