$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентте медбикелер күні атап өтілді

Шымкенттегі облыстық туберкулезге қарсы диспансердің ұжымы 12 мамыр – халықаралық медбикелер күнін салтанатты түрде атап өтті. Мереке медициналық ұйым қызметкерлерінің флешмобымен басталғанын айта кетейік.

– Бұл атаулы күнді қарсы алу дәстүрге айналған. Өйткені, орта буынды медициналық қызметкерлердің еңбегі орасан зор. Науқастармен сіздер көп уақыт байланыста боласыздар. Сондықтан оларды емдеудің тиімділігін арттыруда еңбектеріңізді бағалаймыз. Мейірбикелердің 99 пайызы қыз-келіншектерден тұрады, олардың төккен мейірімінен қаншама науқастар жазылып жатады. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, - деді диспансердің бас дәрігері Болат Сағынбеков.

Кәсіби мереке қарсаңында мекемеде жұмыс істейтін 127 орта буынды медицина қызметкерлерінің барлығына сый-сияпат тарту етілді, бірқатарына шипажайларға жолдама тапсырды.

Мекеме басшысы медбикелер арасында үздіктерді Алғыс хатпен марапаттады. Ақ халаттылар, сонымен қатар, денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарына ие болды. Дәстүрлі мереке соңында қызметкерлерден құралған үш команда арасында спорттық жарыс ұйымдастырылып, үздіктерге кубок табысталды.

 «SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары