30.05.2019, 15:20

ҰҚК қолға түсіргенде Қостанай тұрғыны 20 келі марихуананы кімнен алғанын жайып салды

фото: LAW.ru
Қостанай мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер есірткімен ұсталған бір адамды 13 жылға, екіншісін 10 жылға бас бостандығынан айырды.

Қостанайдағы ҰҚК қызметкерлері есірткі айналымына қатысы бар екі адамды ұстады, деп хабарлайды SN.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шамамен 20 келі марихуананы өткізбек болған бір ер адам қолға түсті. Жауап алу барысында ол кінәсін мойындап, есірткіні кімнен алғанын айтып қойды.

ҰҚК қызметкерлері екінші адамды төрт келі есірткімен ұстады.  

Қостанай мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер соты біреуін 13 жылға, екіншісін 10 жылға бас бостандығынан айырды.