$ 498.34  519.72  4.85

Шымкент қаласындағы «Тұран» және «Асар» шағынаудандарына жаңа автобустар жүре бастайды

Бұл жағымды жаңалықты «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы Рашид Аюпов өзінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында хабарлады.

– Достар, көбіңіз Шымкентке 300 жаңа автобус келе жатқанынан хабардарсыздар. Бірінші партия мамыр айында келеді деп күтілуде. Қазір оларды қабылдау және маршруттарды құру бойынша белсенді дайындық жүріп жатыр. Біз 14-ші және 44-ші маршруттардың – қаладағы жүктемесі ең көп маршруттар екенін анықтадық. Жаңа автобустардың осы маршруттарға қызмет көрсетуін талқылаудамыз. Сондай-ақ, орталықтан алыс орналасқан Тұран, Асар, Колос шағынаудандарын автобустармен қамтамасыз ету жоспарда бар, – деп жазды Рашид Аюпов.

Бір айта кетерлігі, Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерді жаңарту мақсатында биыл «Шымкент» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы шаһарға 1 мың автобус алу жоспарлануда екен. 2019 жылдың 1 шілдесіне дейін үш жүз автобус келеді деп күтілуде. Қалған 700 автобус жылдың соңына таман жеткізіледі. Осылайша, Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктердің көпшілігі жаңаланатын болады.

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары